Қазақтың ұғымында қойдан момын жануар жоқ. Сондықтан қазекең өте момын адамды «қойдан да жуас» деп жатады. Бірақ жуастан да жуан шығатын кездер болып жатады. Мәселен, таяуда Бразилияның Сан-Паулу қаласына жақын маңдағы қалашықта көшеге шығып кеткен қой өтіп бара жатқан жүргіншілердің әбден әптер-тәптерін шығарған. Ол бір сағат бойы осы маңнан өткеннің бәрін сүзіп, қуып жүрген.
Сол «ерлікті» көргісі келген кісі egemen.kz сайтына кіріп, «Сүзеген қой жұрттың сілікпесін шығарды» деген бейнебаянды көруіне болады. Сонда жуас деген қойдың қалай жуан шыққанына шүбәсіз көз жеткізеді.
Мұрат АЙТҚОЖА.