«Бұл шамдар электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді және олар қарапайым шамдарға қарағанда әлдеқайда жарық болады. Үнемділігі – 35-40%. Сондай-ақ олар жолдарды автокөлік жүргізушілері үшін неғұрлым жарық және қауіпсіз етеді. Бұл жаяу жүргіншілер үшін де ыңғайлы. Егер қалада 47 мың жарық нүктелері болса, биыл 10 мыңын ауыстыру жоспарланған», – деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.
Сондай-ақ елордада аулаларды және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру белсенді жүргізілуде. Биыл 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер) абаттандырылады.