Қытай дәрігерлері медицина саласында бұрын-соңды болмаған тосын жаңалыққа баруы арқасында тап маңдайына мұрын қона салған бір жас жігіт пайда болды. Аспанасты елінің оташылары өздеріне қаралуға келген науқасқа жоғарыдағыдай мұрын өсіріп берді.

Жасы бүгінде 22-ге енді толып отырған Сяолян есімді бұл жігіт 2012 жылдың тамыз айында жол апатына ұшырап, мұрнын жарақаттап алған екен. Біраз уақыттан соң жас жігіттің ағза тіндері жансызданып, тыныс алуы нашарлай бастайды. Дер мезгілінде дәрігерге көрінуге асықпаған ол жағдайының қиындай түскенін сезіп, ақыры ауруханаға келеді.
Тексеру нәтижесінде оның мұрын шеміршегінің шірігені және жарамсыз екені анықталды. Сосын дәрігерлер кеңесе келе, шеміршекті науқастың қабырғасынан алып, оны жас жігіттің маңдайына орнатып берді. Бүгінде жасанды мүше толық жетіліп, қалыптасқан.
Жуық арада дәрігерлер оны өз орнына қоюды жоспарлап отыр.
Айдын АРЫС.