28 Қыркүйек, 2013

Депардье Қорқыт ата туралы фильм түсірмекші

670 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Француздың белгілі актері Жерар Депардье соңғы жылдары посткеңестік елдерге, соның ішінде Қазақстанға жиі келіп жүр. Ол тіпті осы уақыттарда рес­публикамызда түсірілген фильм­де бас кейіпкерлердің бірінің рөлін сомдап та үлгерді. Енді елімізге жиі келетін мейманымыз қазақ ауыз әдебиеті туралы өз картинасын түсірмекші екен.

Бұл ниетінің қаншалықты дәрежеде жүзеге асатынын алдағы уақыт көрсетер, де­ген­мен, француз киносы жұл­дызының жақында Бай­қоңырға кезекті ғарыш кемесінің ұшы­рылғанын көруге келген сапарының соңында Қызылорда облысының әкімі Қы­рым­бек Көшербаевқа сол туралы айтқан.

«Бұл ой маған тап осы жерде, Қорқыт ата мемориалының жанында келді. Осында тұрғанда, әлдеқандай бір күш-қуаттың бойыма келіп, құйылып жат­қанын жақсы сезіндім. Осыдан үш жыл бұрын мен Қазақстан Президентімен Парижде кездескен едім. Сонда мен осындай фильм түсіру жөніндегі идеямның бар екенін айтқанмын. Бұл ойым Мемлекет басшысына қатты ұнады», деген әңгімесінде.

Мұрат АЙТҚОЖА.

Соңғы жаңалықтар