28 Қыркүйек, 2013

Жамбыл өңірінде іш сүзегі тіркелді

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында іш сүзегімен ауырған бір адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Ол Байзақ ауданына қарасты Кеңес ауылының 40 жастағы тұрғыны екен.

 

Жамбыл облысында іш сүзегімен ауырған бір адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Ол Байзақ ауданына қарасты Кеңес ауылының 40 жастағы тұрғыны екен.

Аурудың белгілері мен лабораториялық сараптама «іш сүзегін» анықтады. Осыдан кейін бір топ дәрігерлер жұқ­­палы ауру шыққан ауыл­ға аттанып, іш сүзегін жұқ­тырған сырқатпен қарым-қатынаста болған 15 адамға екпе жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, Көктерек ауылдық округіндегі 1,5 мың тұрғынға да вакцина егу жұмыстары ұйымдастырылды.

Мамандардың айтуынша, жұқпалы ауру мал суатындағы түрлі бактериялардан пайда болған сияқты. Бүгінде ауру­дың беті бері қарады.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы,

Байзақ ауданы.

Соңғы жаңалықтар