Қазақстан • 21 Мамыр, 2020

Еlicense.kz порталы арқылы инвестициялық келісімшарт жасалды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматқа көшіру бойынша ауқымды жұмыс шеңберінде «инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік қызметі онлайн форматқа ауыстырылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еlicense.kz порталы арқылы инвестициялық келісімшарт жасалды

«Осыған орай, алғаш рет Elicense.kz порталы арқылы онлайн-режимде инвестициялық келісімшарт жасалды. Келісім-шарт «Каз Солар 50» компаниясымен жасалды, ол «Solarnet Investment GmbH» неміс компаниясымен бірлесіп Қарағанды облысының аумағында 5 млрд теңгеден астам сомаға ЖЭК саласында қуаты 26 МВт құрайтын жобаны жүзеге асырады.

Онлайн форматта инвестициялық келісім-шарттарды жасау үшін техникалық мүмкіндік жасау бірқатар өзгерістерге жол ашатын болады. Олардың қатарында мемлекет пен бизнес-қауымдастығы арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өтінім беру процесін оңтайландыру және оны келісу, лицензиялау процестерін, рұқсат беру құжаттарын автоматтандыру мәселелері бар.

Сонымен қатар қызмет көрсету уақыты да қысқартылды: бүгінгі күні ол 27 жұмыс күнін құрайды. Пайдаланушылық интерфейс қызметтерді автоматтандыруға қойылатын талаптарға сәйкес қызмет алу қолайлылығы қарастырылып, мемлекеттік органдарға өз бетінше жүгіну қажеттілігі жойылды.

Мұндай сервистердің пайда болуы және рәсімдерді оңтайландыру Қазақстанның инвесторлар алдындағы бәсекелестік артықшылығын қуаттайды» делінген хабарламада.