Осыған сәйкес, 11 мамырдан бастап Үкімет қаулысымен төтенше жағдай кезінде қолданылу мерзімі өткен жеке басты куәландыратын құжаттар күші жойылған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн бойы жарамды болып саналатын болды. Демек, Қазақстан азаматтары қызмет, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылар және басқа да төлемдерді алу үшін мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға қолданылу мерзімі өткен құжаттармен жүгіне алады.
Қазіргі таңда халықты құжаттандыру мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті шаралар қабылдануда.
Атап айтқанда, мүнкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы адамдарды, көп балалы аналарды, мүгедектерді құжаттандыру үшін арнайы тұрғылықты жері бойынша үйлеріне баратын мобильді ХҚКО-ның жұмысы ұйымдастырылды.
Аудан орталықтарында тұрғындар үшін әрбір елді мекен немесе ауылдық округ бойынша құжаттандыру кестесіне сәйкес қабылдау күндері белгіленген.
Жеке басты куәландыратын мерзімі өткен құжаттарды ауыстыру осы жылдың 10 шілдесіне дейін ешқандай әкімшілік шарасыз жүзеге асырылады.
Бүгінгі күнге мобильді ХҚКО-мен және облыстық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі 200-ден астам облыс тұрғынын құжаттандырды.