Яғни Сырдария өзенінің бойы мен Көксарай су реттегіш қоймасының маңы алғаш рет шыбын-шіркейден тазартылуда. Су арналарының айналасы түгелдей дерлік дәріленіп жатыр. Арнайы мамандар зиянкестерге қарсы бактериялық препаратты суға құйып, жағалауға шашу әдісімен улауда. Дәрілік заттардың ағын суға зияны жоқ. Бүгінде Сүткент елді мекенінен Байырқұмға дейін өзен жағалауы мен су қоймасының маңында орналасқан ауылдар мен демалыс аумақтарында ұзақтығы 30 шақырым жер залалсыздандырылды.
Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналды шаруашылық басқармасының мәліметінше, атқарылған шаралардың нәтижесінде дернәсілдер 80% - ға азайған. Ал, Сырдария өзені мен Көксарай су реттегіш қоймасына қосылу каналының бастауы толығымен тазартылған.