Уақыт талабына сай өмір қажеттілігін өтеуде де жетісулық әйелдер көш бастап отыр. Соның нақты дәлелі ретінде Талдықорғанда «Саяси қозғалыстағы әйелдердің жаңа мүмкіндіктері» атты конференцияның өткенін айтуға болады. Екі күнге созылған игі шараны республикалық деңгейде ұйымдастырып, халық жадында сақталатындай етіп өткізуге Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова мен Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева ұйытқы болды.

Конференцияда алдымен мінбеге көтерілген Гүлшара Әбдіқалықова Жетісу өңіріндегі білгір де іскер әйелдермен жүздескеніне қуанышты екенін айта келіп, Алматы облысының бірқатар жетістіктерін тілге тиек етті.
«Бүгінде «Қазақстан-2050» Стратегиясы шеңберінде алдымызға қойылған міндеттің бірі адами қапиталды және экономикалық, құқықтық институттардың тиімді жүйесін құру болып табылады. Мемлекет пен азаматтық қоғамның, билік пен бизнестің арасындағы байланысты дамыту, сондай-ақ, гендерлік теңдікті нығайту арқылы саяси жүйені одан әрі жаңғырту», деді Алматы облысы әкімінің міндетін атқарушы Амандық Баталов.
Көрген жанның көзін тойдырып, әдеміліктерімен әйбат әсерге де бөлеген жетісулық қыз-келіншектер мемлекеттік қызметте ғана емес, бизнес саласында да жақсы жетістіктерге жеткендігін бүгінгі конференция өткізілген облыстық орталық мәдениет сарайы дәлізінде арнайы ұйымдастырылған көрмеде де көрсете білді. Азық-түлік өнімдерімен қатар, полиция, төтенше жағдайлар және әскери қызметкерлерге арнайы тігілген формалары жауын-шашын мен аптап ыстықта өңін бұзбайтын шыдамды материалдардан сапалы тігілуі тәнті етсе, ұлттық үлгіде бүлдіршіндерге арнап тігіліп һәм тоқылған аяқ киімдері ісмер әйелдер іскерлігіне сүйсінтті.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы облысы.