Ересектердің балаларды су айдындарында қараусыз қалдыруы да қайғылы оқиғалардың басты себебі болып отыр.
«Өткен жылы 46 оқиға тіркеліп, нәтижесінде 48 адам қайтыс болды, олардың 18-і балалар. Талдау көрсеткендей, барлық жазатайым оқиғалар құтқарушылармен күзетілмейтін жерлерде орын алған. Облыста ресми түрде тіркелген 110 демалыс орны бар. Ол жерлерде құтқарушылар қарастырылған. Сонымен қатар су айдындарында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін суда жүзуге тыйым салынған 268 белгі, 49 қауіпсіздік ережелері көрсетілген жарнамалық билбордтар орнатылды. 12 демалыс аймағының иелері меморандумға қол қойды», – деді Ораз Шералыұлы.
Сондай-ақ департамент өкілі өңірде биік үйлердің терезелерінен құлап түскен балалар саны көбейе түскенін айтты. Мәселен, облыста өткен жылы 3 оқиға тіркелген, 8 және 4 жасар балалардың терезеден құлауы салдарынан жарақат алуы орын алған. Ал 1 жасар бала оқиға орнында мерт болған.