28 Қыркүйек, 2013

G-Global – дағдарысқа қарсы әлем

511 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Үшінші мыңжылдықтың басы, барлық болжамдарға қарамастан, өркениеттің эволюциялық-тех­нологиялық дамудың жаңа дең­гейі­не өтуімен есте қалады. Ал бірақ ХХІ ғасырда әлем бұрынғы дағ­да­рыстық белгілерден құтыла алмауымен қатар, одан да көлемді экономикалық және қаржылық күйзеліске тап болды.

 

Үшінші мыңжылдықтың басы, барлық болжамдарға қарамастан, өркениеттің эволюциялық-тех­нологиялық дамудың жаңа дең­гейі­не өтуімен есте қалады. Ал бірақ ХХІ ғасырда әлем бұрынғы дағ­да­рыстық белгілерден құтыла алмауымен қатар, одан да көлемді экономикалық және қаржылық күйзеліске тап болды.

2007-2009 жылдардағы жа­һан­дық қаржы-экономикалық дағ­дарыс капитал әлемін тұр­лау­сыздықтың «бесінші бұрышына» қойып, іс жүзінде болып жат­қан­ның терең факторының көрі­ні­сінен алшақ халықаралық сарап­шылардың барлық «бір­қалыпты» болжамдарын жоққа шығарды. Осы жағдайда Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­касының Пре­зи­денті Нұрсұл­тан На­зар­баевтың 2009 жылғы ақ­пан­да Ресейдің «Известия» газетінде жарияланған «Дағдарыстан шы­­ғу кілті» мақаласында қа­зір­гі за­манның қаржы-эконо­микалық дағдарыстың мәнісіне жан-жақ­ты салмақты ғылыми түсі­нік­теме берілді. Осы іргелі мақа­лада бұл табиғи апат жә­не кез­дей­соқ жағдайлар тоғы­сының нәтижесі емес екендігі, әлем экономикасының терең қателігінің заңды салдары екендігі атап көр­сетілді. Со­ның бедерінде, яғни V Астана эко­номикалық форумында Елбасы әлем қауымдастығын шы­найы адамгершілікке, тө­зімділікке және шыдамдылыққа негізделген ХХІ ғасырдағы әлем­ді құрудың жаңа G-Global қағи­даларын құруға шақырды.

Халықаралық экономикалық сая­сатты одан да конструктивті құру және дағдарысқа қарсы жаһандық шешімдер іздестіру мақсатында Қазақстан Пре­зи­денті қазіргі G20 форматына қо­сымша ретінде G-Global ел­де­рі тобын құру туралы ұсыны­сын алға тартты. Форум шең­бе­рінде Елбасы Астанада әлемдік дағдарысқа қарсы жоспар жасау үшін дағдарысқа қарсы бүкіл­әлемдік конференция өткізу қажеттілігі туралы айтты. Мұның өзінде әлемді экономикалық өз­герту жұмыстары БҰҰ-ның қам­­қор­­лығымен өтуі керектігі атап көрсетілді. Мұндай қажет­тілік эко­номиканың бар­лық үрдістерінің үдемелі жаһан­да­нуымен ерік­сіз қабылданып отыр, ол БҰҰ қыз­метінің эко­но­микалық құра­масының парадигмасын ауыстыруды меңзейді.

Сондай-ақ Елбасы әлемдік дағ­дарыс себептерін болжау және жою валюталық жә­не сау­да-эко­но­микалық реттеу сала­сындағы әлем­дік құры­лым­дар жұмысының басты мәні болуы тиіс деген пі­кір білдірді. 2012 жылғы 21 жел­тоқ­санда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарымен Астана қаласында Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференция өткізу туралы ұсынысты БҰҰ-ға қатысушы барлық 193 ел қолдады. «...Қазақстан секілді елдердің дау­сы тыңдалуы үшін мен екі жыл бұрын G-GLOBAL жобасын алға тарттым. Бұл G8 және G20-ның баламасы емес, ол ақпараттық-коммуникативтік алаң ретінде іске асып жатқан жаһандық үнқатысу жүргізудің қосымша құралы», деді бұл ретте Елбасы.

Саммит шаралары шең­берінде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун эко­номикалық қауіп­сіздіктің халық­аралық саяса­тын қалыптас­ты­рудағы Қазақ­станның рөлін жоғары бағалады. Қазақстан Рес­пуб­ликасы Пре­зидентімен кездесу барысында ол былай деп атап өтті: «Қа­зақстанды G20 Саммитіне ша­қыру елдің экономикалық да­мудағы табыстары мен жетіс­тік­терін абсолютті мойындау, оның халықаралық мәртебесінің арт­қаны, сондай-ақ мемлекеттің ғаламдық экономикалық мәсе­ле­лерді шешудегі рөлінің куәсі деп білемін. Сіз Қазақстанды өңір­лік қауіпсіздікте маңызды рөл атқаратын елге айналдырдыңыз және мұның бәріне Сіздің көш­бас­шылық қасиетіңіздің арқасында қол жеткізіліп отыр».

БҰҰ-ның Дағдарысқа қарсы жоспарын әлем мемлекеттерінің көпшілігінің жасау және қа­былдау үрдісін одан әрі демократияландыру және ғаламшардың әрбір тұрғынына шын мәнінде ғаламшарлық мәні бар жоба жасауға тікелей қатысуға құқық беру мақсатында G-Global виртуалды форматында пікірталас үздіксіз жүргізілмек. 2014 жыл­дың мамыр айында VII Астана эко­но­микалық форумы кезінде өткі­зілетін ІІ Дағдарысқа қарсы бүкіл­әлемдік конференцияда әлем­дік қоғамдастық БҰҰ-ның Бүкіл­әлемдік дағдарысқа қарсы жоспары жобасын қабылдауы тиіс, оны жүзеге асыру жаһандық эконо­миканың және, тұтастай алғанда, өркениеттің алдағы тағдырын белгілейді.

Қорыта айтқанда, әлемдік қоғамдастық Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевқа мүмкіннің және мүм­кін еместің шегін кеңей­ту қабі

Соңғы жаңалықтар