Қоғам • 21 Мамыр, 2020

SANTO компаниясы дәрігерлерге көмек ретінде 100 мың доллар бөлді

385 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еліміздегі SANTO компаниясы да бірқатар емдеу мекемесі мен ұйымына дәрі-дәрмектер, қорғану және зарарсыздандыру құралдарын жеткізу арқылы, коронавирус пандемиясына қарсы күрестің алдыңғы шебінен табылып отыр. Сонымен қатар Қазақстанның медицина қызметкерлеріне қолдауын жалғастырады.

SANTO компаниясы дәрігерлерге көмек ретінде 100 мың доллар бөлді

Коронавирус індеті адамзат үшін үлкен сынаққа айналды. Соңғы жүз жылда алғаш рет барлық елдердің адамдары жұқпалы аурудың жаппай таралуы тек өз денсаулығына ғана емес, сондай-ақ өміріне де нақты қауіп төндіретініне көз жеткізді. Әлі толық зерттелмеген және қауіпті вируспен тең емес күреске бірінші болып дәрігерлер мен медицина қызметкерлері түсті.

Және жұқтыру статистикасында  дәрігерлер  індетке шалдыққандардың үштен бір бөлігін құрауы мүмкіндігі белгілі болып отыр. Қауіпті вирустың таралуы біздің медицина қызметкерлеріміз үшін басты қатер болып отыр. Себебі медицина қызметкерлері емделушілермен, оның ішінде коронавирус жұқтыруы мүмкін науқастармен, тұрақты байланыста болады. Яғни, ауруханаларда қорғаныс заттарына қажеттілік жоғары болғандықтан, олардың тапшылығы пайда болды. Сондықтан SANTO компаниясы денсаулық сақтау жүйесінің сенімді серіктесі бола отырып, медицина қызметкерлеріне қорғану құралдарын жеткізуді өз басымдықтарының бірі ретінде таңдады.

SANTO компаниясы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының медицина қызметкерлеріне жеке қорғаныс құралдарын (визор маскалары, обаға қарсы костюмдер, медициналық қолғаптар мен маскалар) және Шымкент қаласындағы әскери бөлім үшін антисептикалық құралдарды жеткізді. Сондай-ақ компания Шымкент қалалық кардиологиялық орталығына және Алматы ғибадатханаларының біріндегі қарттар үйіне дәрі-дәрмектерді тапсырды.

«COVID-19 адамдардың өмірін түбегейлі өзгертті. Вирус Қазақстанның барлық аймақтарына тарады. Мемлекет халықты қорғауға барлық күш-жігерді жұмсады және біз оң нәтижелерді көріп отырмыз. SANTO компаниясы да шетте қалмады және емделушілердің денсаулығына жауапты бола отырып, барлық қажетті шараларды қабылдады, дәрі-дәрмек өндірісін жалғастырды және өндіріс көлемін арттырды. Барлық елдер өзін-өзі оқшаулауға тап болған жағдайда, Қазақстан пациенттерінің отандық тиімді және сапалы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуі өте маңызды. Сонымен қатар SANTO компаниясы замана батырларына – дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне көмек ретінде 100 000 АҚШ долларын бөлді. Осылайша, біз дәрігерлер мен барлық медицина қызметкерлеріне алғыс білдіргіміз келеді. Олар адамдардың өмірін сақтап, елдің сауығуына барын салып отыр. Бүгін өзара көмек және бір-бірімізге қолдау көрсету өте маңызды, күш біріктіргенде ғана вирусты жеңе аламыз», - дейді Santo компаниясының бас директоры Ижи Урбанец.