Әдебиет пен мәдениет ұлтты ұлы мұратына жеткізетін көнекөз көшбасшы іспетті. Тарихи жолдар, тағылымды іздер, танымдық шығармалар бәрі де сол бір сырлы әлемнің құраушысындай. Қазіргі қазақ руханиятына қалам ұстаған қаршадай жастар қаулап келуде. Ынтасы мен ықыласы да бөлек. Таланты мен талпынысы да ерекше. Солардың ішінде Солтүстік өңірдегі әдеби ахуал қандай, нақтырақ айтсақ Ертіс-Баян өңірінің рухани екпіні мен әдеби ортасының қалыптасуы қай деңгейде? Бұл туралы Қазақстан Жазушылар Одағының Павлодар облыстық филиалының директоры Жарқынбек Амантай кеңірек айтып берді.
– Жарқынбек Амантайұлы, сіздің көзбен қарағанда Ертіс-Баян өңірінің осыдан он жыл бұрынғы және қазіргі әдеби ахуалы қандай деп ойлайсыз?
– Жалпы өңірде қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, руханиятына, тіліне деген бетбұрыс жыл санап артып келе жатқаны анық. Кезінде Кеңес Үкіметінің салқынын сезіп есейген аға буын өкілдері жиі еске алатын «қазағы сирек» қаланың бүгінгі көрінісі мүлде өзгеше. Ішкі және сыртқы көштің арқасында қазіргі таңда тұрғылықты халықтың жартысынан астамы қаракөздеріміз болып отыр. Бұл фактор аймақтағы қазақ әдебиетінің ахуалына да әсер етпей қойған жоқ. Сөз өнерін серік еткен жастардың қатары артқан. Осыдан он жыл бұрын қаламгер дегенде Арман Қани, Ғалымбек Жұматов, Ақын Алақанұлы сынды ағаларымыз бастаған санаулы ғана адамдарды тізбелейтін едік. Бүгінде Аллаға шүкір, Ертіс-Баян жерінен есімдері елге белігілі бола бастаған ондаған ақын-жазушыны атауға болады.
– Еліміздің Солтүстік өңірлеріне, әсіресе оның әдеби әлеміне көп адам күдікпен қарайтыны жасырын емес. Тіпті ол өңірден ақын түгілі қазақ табу қиын деп жататындар бар? Павлодар облысының бүгінгі әдеби ортасы қалай қалыптасу үстінде?
– Отарлаудың салқыны қатты тиген Солтүстік өңірлерде қазіргі таңда ұлттық құндылықтарды ұлықтау, оны жаңғырту бағытында жасалып жатқан ауқымды істерді сөз етпеуге болмайды. Бұл жақтағы ұлт үшін болатын «күрестің» де деңгейі өзгеше. Көпке топырақ шашудан аулақпыз, әрине. Бірақ, біздің аймақта Оңтүстік өңірлердегідей руаралық талас-тартыс, рулық бөліну жоқтың қасы. «Өгізді өлтірмей, арбаны сындырмай», еліміздің салқынқанды саясатына сызат түсірмей ұлттың жоғын жоқтап, түгендеуде қаламгер қауымның, осы ақындар мен жазушылардың еңбегі зор. Өйткені, өзі ат төбеліндей зиялы қауымның бір мүдде жолында бірлесе нәтижеге жете алмайтындығына ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан-ақ көз жетті. Бір көшенің атын ауыстырудың өзі үлкен ұлттық саясат екенін түсінді. Сондықтан, аузымыз үйренген сөзбен айтсақ, «орыстанған» өңірдің әр ақыны, қаламгері қайраткер дер едім. Бұл өз кезегінде әдеби ортаның, жалпы қазақ тілді ортаның қалыптасып күшейе түсуіне де әсер етпей қойған жоқ. Одан бөлек, кейінгі уақытта жиі өткізіліп жатқан әдеби кештерге, рухани отырыстарға деген жастардың ықыласы да арта түскен.
– Жас ақын-жазушыларды ынталандыру мен қолдау жолға қойылған ба?
– Меніңше, жас қаламгерлер алдымен сынау мен мінеуден гөрі, қолдауға қолпаштауға зәру. Көптеген қаламгер жастар қаулап өсіп келеді. Олардың шығармашылығын жіті бақылап, бағыт беріп отыру бұрыннан жүзеге асырылып келеді. Десе де, Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалының ендігі кезектегі жұмысы осы жастарды қолдау бағытында болмақ. Жас қаламгерлердің лайықты деңгейде кештерін ұйымдастыру, кітаптарын жарыққа шығырауға қолдау көрсету ауадай қажет. Бұл ретте, облыстық Мәдениет басқармасы және де түрлі қоғамдық ұйымдармен келісіп бірқатар жұмысты жүзеге асыруды қолға алып жатырмыз.
– Жазушылар Одағының Павлодар облыстық филиалының басшысы болып тағайындалғаныңызға көп уақыт бола қойған жоқ. Алдағы уақытта қандай жоба-жоспарларыңыз бар?
– Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік жүгі деп білемін. Жоспарлы жобаларымыз әзірленуде. Атап айтар болсақ, биыл жыл соңына дейін бірқатар жас қаламгердің кітаптарын жарыққа шығаруды көздеп отырмыз. Көптеген азамат елге кеңінен танылып, республикалық, халықаралық байқаулардың алдын бермей жүрсе де, әлі де Жазушылар одағына мүшелікке өте қоймаған. Осы олқылықтың орнын толтырсақ деген ниет бар. Ертіс-Баян жерінен шыққан қазақ әдебиетінің белгілі өкілдерінің мерейтоларын лайықты деңгейде атап өтуге ат салысу жоспарға енгізіліп отыр. Сондай-ақ Хакім Абайдың 175 жылдығы мен әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығына орай республикалық онлайн-мүшәйра жариялауды көздеп отырған жайымыз бар. Әрине, мұның барлығы аға буын өкілдерімен ақылдаса отырып, әлі де болса жетілдіріліп барып, жүзеге асыратын жобалар.
– Ертіс-Баян өңірінде аға буын мен бүгінгі толқын арасындағы әдеби байланыс жайлы айтып өтсеңіз?
– Ертіс-Баян өңіріндегі қаламгер қауымның әдеби-рухани сабақтастығының тамыры тереңде. Бабаларымыздан келе жатқан үрдіс тоқтаған емес. Қазір де алдыңғы толқын ағалармен кейінгі буын жас қаламгерлер арасындағы сабақтастық, байланыс өте жоғары дер едім. Аймақта сөз өнерінің қанат жаюына ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан жоғарыда айтқан Арман Қани, Ғалымбек Жұматов ағаларымыздан соң Асығат Тұрғанбек, Бейбіт Бөжен, Қуанышбек Шарманов сынды азаматтардың толайым еңбегін атамай кетуге болмайды. Шәкірт тәрбиелеуде, орта қалыптастыруда осы ағаларымыздың орны бөлек. Үлкен сабақтастықтың алтын көпірі осындай азаматтар барда нығая түсетіндігіне сенім зор.
– Әңгімеңізге рақмет
Әңгімелескен
Рауан ҚАЙДАР,
«Egemen Qazaqstan»
Озық қоғам құруда орны айрықша қыздар
Қоғам • Бүгін, 07:57
Руханият • Бүгін, 07:54
Руханият • Бүгін, 07:51
Қазақ сөзінің барынша дұрыс таңбалануына мүдделіміз
Қоғам • Бүгін, 07:50
Жазуымыз да, дыбысымыз да қазақтықпен көмкеріледі
Руханият • Бүгін, 07:48
Руханият • Бүгін, 07:46
Ғылымды дамытуға соны серпін беріледі
Парламент • Бүгін, 07:45
Аймақтар • Бүгін, 07:44
Құрқылтайдың ұясы немесе ізгілік иесі
Қоғам • Бүгін, 07:43
Өсімдік әлеміне өмірін арнаған жан
Қоғам • Бүгін, 07:42
Руханият • Бүгін, 07:41
Өзгерістер дәуірінде өмір сүру қуанышы
Руханият • Бүгін, 07:40
Руханият • Бүгін, 07:38
«Ел боламын десең, демографияңды түзе!»
Қоғам • Бүгін, 07:34
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Кеше
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар