Акционерлік қоғамның Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті осындай ақпарат таратып отыр. Бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын «Түркістан» әлеуметтік даму қоры қамтамасыз етеді.
Еске сала кетейік, «Самұрық-Қазына» АҚ бұған дейін Арыс қаласын қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына 7 млрд теңге бөлген болатын. Жалпы «Самұрық-Қазына» Қоры Арыс қаласында әлеуметтік инфрақұрылымның 68 нысанын қалпына келтірді. Оның ішінде 64 нысан жөнделіп, 4 - і бұзылып, жаңадан салынған болатын.