Індетке жұқтырудан АҚШ көш бастап тұр. Әлем бойынша дерт жұқтырған адамдардың үштен бірі осы елдің үлесінде. «The New York Times» газетінің жазуына қарағанда, АҚШ-та 1 591 991 адам дерт жұқтырса, бұлардың 6 пайызы, яғни 94 994 адам қайтыс болған екен.
АҚШ-тан кейінгі індет ошағы ретінде Ресей тіркелген. Мұнда 308 705 адам ауру жұқтырса, 0.96 пайызы, яғни 2972 адам көз жұмған. Келесі індет ошағы – Бразилия. Бұл елде 293 357 жағдай тіркеліп, 18 894 адам шығыны болыпты.