Аймақтар • 21 Мамыр, 2020

Қызылорда облысындағы 96 ауылға 4G байланыс желісі тартылады

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде жыл соңына дейін 250-ден астам адам тұратын ауылдарды жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамту жоспарлануда. Бұл ретте Қызылорда облысының 96 ауылдық елді мекеніне жоғары жылдамдықты байланыс желісі салынады.

Қызылорда облысындағы 96 ауылға 4G байланыс желісі тартылады

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Юлия Тремасова мәлімдеді.

Облыстағы шалғай ауылдарға талшықты-оптикалы желі орнатылады. Бұл елді мекендерді жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз етіп, ұялы операторлар 3G/4G технологияларын қолданады.

Сонымен қатар, аймақта соңғы екі жылда «Цифрлы Қазақстан» және «Ақылды қалалар» эталондық стандарты мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 50-ге жуық жоба іске асырылды. Бұдан бөлек, «автоматтандырылған жүйелерді орнату» жобасы шеңберінде жылдамдық өлшегішті орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде,-деді Юлия Тремасова.

Бұл саладағы жаңалықтың тағы бірі – облыс орталығындағы  қалаішілік қоғамдық көліктерде электрондық билет жүйесі іске қосылғаннан кейін аялдамаларға ақпараттық тақта қою жоспарлануда.