Қазақстан • 21 Мамыр, 2020

Биылғы 4 айда құрылыс саласында 845 сараптама жасалды

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрылыс саласында сараптамалық қызметті автоматтандыру мақсатында 2015 жылдың 1 мамырынан бастап Бірыңғай кешенді ведомстводан тыс сараптама порталын әзірлеу арқылы құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін «бір терезе» қағидаты енгізілді.

Биылғы 4 айда құрылыс саласында 845 сараптама жасалды

Ол салалық сараптамаларды (экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық) ведомстводан тыс бір кешенді сараптамаға біріктіруге және сараптама жүргізудің электрондық форматына көшуге мүмкіндік берді. 

Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай порталын енгізгенге дейін тапсырыс берушіден жобалау-сметалық құжаттаманы сараптамаға қағаз түрінде ұсыну талап етілсе, қазір барлық рәсімдер тек электрондық форматта орындалады.

Сонымен қатар, Бірыңғай электрондық порталды енгізу арқылы сараптама беру мерзімі 285 күннен 45 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Сараптама жүргізу процесінің ашықтығы қамтамасыз етіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылды. Сараптама жүргізу сапасы артты.

Жалпы биыл алғашқы 4 айда 845 қорытынды берілсе, оның 110-ы - теріс қорытынды.