Ағымдағы оқу жылын қорытындылауға дайындық барысы, ҰБТ өткізудегі талаптар, сонымен қатар жаңа оқу жылында 1-сыныпқа қабылдау барысын талқылау мақсатында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, қаланың бас санитар-дәрігері Жандарбек Бекшин, білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаевамен бірлесіп жалпы білім беретін мектеп директорларымен кездесу өткізді.

Суретті түсірген Ерлан Омар, EQ
Бұл жиынға 205 мемлекеттік, 61 жекеменшік мектептің директорлары қатысты. Қала әкімдігінің мәліметі бойынша, оңтүстік астанада бүгінде 261 мың оқушы білім алуда. Ал биылғы жылы мектеп бітіретін түлектер саны – 9 299. Олардың 8 667-сі мемлекеттік, 632-сі жекеменшік мектеп түлектері.
Биылғы оқу жылы әдеттегідей 25 мамырда аяқталады. 9-11-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау өткізілмейді. Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектепті бітіргені жөніндегі аттестаттау ағымдағы бағалардың негізінде жүзеге асатын болады. Орта білім беру ұйымдарының басшыларына электронды журналдардағы бағаларды түзеуге үзілді-кесілді тыйым салынатынын ескерткен қала басшылығы 1-10-сынып оқушылары үшін салтанатты линейкалар қашықтан өткізіліп, 11-сынып түлектеріне аттестат табыстау шаралары 3-4 маусым күндері кестеге сай өтетіндігіне тоқталды. Бұл күндері барлық санитарлық-эпидемиялық талаптар қатаң қадағаланады. Алматы қаласы бойынша 9047 түлек қатысатын Ұлттық бірыңғай тестілеуді 20 маусым мен 5 шілде аралығында өткізу жоспарланып отыр.
Қаланың білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева бүгінгі күні мемлекеттік мектептердің 40 пайызына салмақ түсіп отырғандығын жеткізді. Яғни орын жетіспеушілігі 30 мың орынды құрайды, ал 2020-2022 оқу жылында бұл көрсеткіш 60 мыңнан асатын болады. Мектептердегі орын жетіспеушілігін жыл сайынғы тұрақты өсім және ішкі миграциямен байланыстырған басқарма басшысы 2018 жылы бұл көрсеткіштің орта есеппен 12 мың оқушыға, ал 2019 жылы 17 мың оқушыға өскендігін атап өтті.
«Қала мектептеріндегі орынға тапшылықты азайту үшін 2022 жылға дейін арнайы Білім беру нысандарының жеделдетілген құрылысы бағдарламасы жасалған. Сонымен бірге, қала басшысының «Шекарасыз қала» қағидасын қаперде ұстай отырып, бүкіл қала бойынша білім беру сапасын біртіндеп арттыру міндеті қойылған» деп атап өткен Л.Жылқыбаева қаладағы мектептердің құрылысы «ЖҚЖК» бағдарламасы аясында биыл қала орталығынан шалғайдағы Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарында 9 мектеп құрылысы басталып, 12900 орынға және 7000 орынға арналған мектептерге 13 жапсарлас құрылыстың жоспарланып отырғандығын жеткізді. Бұл нысандар келесі жылы пайдалануға берілетін болады. Сонымен бірге жергілікті және республикалық бюджет есебінен қаржыландыру мақсатында 1800 орынға шақталған 2 мектептің құрылысы (Мамыр және Нұршашқан шағын ауданында) және 3642 орынға лайықты мектептерге 8 жапсарлас құрылыстары жүргізілуде. Бұл нысандар 2020-2021 жылы іске қосылатын болады. Ал биылғы жылы 5700 орынға шақталып 5 мектеп салынады. Сонымен бірге 600 орынға арналған мектепке жапсарлас 2 құрылыс нысаны жүргізілуде. Нәтижесінде 2020-2021 жылдары 6300 орынмен қамтамасыз етілмек. Сондай-ақ ағымдағы жылы 2240 орынға шақталған 4 жекеменшік мектеп ашу жоспарлануда. Оның екеуі биылғы жылы ашылатын болса, келесі жылы тағы да екеуі жұмысын бастайды. Білім басқармасының басшысы атап өткеніндей, 2020-2021 жылдары 16 мектеп пен 23 мектепке жапсарлас салынған құрылыс 47 463 орынды қамтитын болады. Осылайша келер жылғы оқу басталар кезеңге қарай орын жетіспеушілігі 80 пайызға қысқарады. Орын жүктемесі толғандырып отырған мемлекеттік мектептер 44-ке дейін азаятын болады. Нәтижесінде орын жетіспеушілігі сол кезеңде 12 мыңды құрап, 2021-2022 жылдарға жоспарланған мектептердің құрылысы есебінен азайтылмақ. Ал биылғы жаз мезгілінде №7, 40, 45, 54, 81, 114 күрделі жөндеу басталып, сейсмологиялық күшейту жұмыстары жүргізіледі екен.
Кездесу барысында мектеп оқушылары үшін жазғы демалыс мәселесі қалай болатыны туралы да қаралды. Қазіргі уақытта қала әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Адам құқықтары бойынша өкілі Аружан Сайнмен бірлесіп, қала балаларын жаппай спорт, мәдениет және мектептен тыс қосымша білім беру іс-шараларына тарту мақсатында «Жол картасы» әзірленуде. Ал 1 маусымнан бастап Алматыда 1-сыныпқа баратын жеткіншектердің құжаттарын қабылдау басталады. 15 мамырдан бастап дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияларға, лицейлерге құжат қабылданады.
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері журналистер үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді
Президент • Бүгін, 14:31
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың бірлескен мәлімдемесі жарияланды
Президент • Бүгін, 14:21
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Бүгін, 14:13
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Алматы облысында өткен жылы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген
Аймақтар • Бүгін, 13:48
Атыраулық әскерилер ардагерлер тұратын үйдің ауласын тазартып берді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Қытайлықтар елімізге визасыз кіре алатыны рас па?
Қазақстан • Бүгін, 13:31
Бағдат Мусин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті
Технология • Бүгін, 13:14
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Президент • Бүгін, 12:59
Ауыл шаруашылығын дамытуда арнайы гранттар бөлінеді
Білім • Бүгін, 12:57
Қыс басталғалы қар құрсауынан 1242 адам құтқарылды
Қазақстан • Бүгін, 12:57
БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасалды
Әлем • Бүгін, 12:55
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • Бүгін, 12:48
АӨК мемлекеттік қолдау тұрақты әрі оңтайлы болады - Сапархан Омаров
Экономика • Бүгін, 12:47
Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады
Медицина • Бүгін, 12:14
Шымкенттік дәрігер 3 мыңға жуық ананы босандырған
Аймақтар • Бүгін, 12:05
ҚазҰУ белгілі ғалым Әлия Оспанованың 70 жылдығын онлайн режимде атап өтті
Руханият • Бүгін, 12:02
Жалған нөмір таққандар ісі сотқа жолданды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Алексей Цой ауылдағы дәрігерлер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты
Медицина • Бүгін, 11:44
2 наурызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 11:43
Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 11:43
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Әскердің қауіп-қатерге даярлығы қалай?
Қазақстан • Бүгін, 11:24
Шетелден келген 5 жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 11:15
Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Қызылжарда Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының ашылу рәсімі өтті
Спорт • Бүгін, 11:10
Нұрлан Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет
Парламент • Бүгін, 10:54
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Шығыс Қазақстанда жолда қалып қойған 194 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер жиі қолданылады
Қоғам • Бүгін, 10:46
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
Экономика • Бүгін, 10:45
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
Үкімет • Бүгін, 10:34
Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Саясат • Бүгін, 10:24
Ассамблея өкілдері алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өсімдіктер әлемі туралы Заң қабылданады
Қазақстан • Бүгін, 10:13
5 жылда ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 10:06
Дариға Назарбаева Тараздағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 10:05
Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды
Спорт • Бүгін, 10:02
Асқар Мамин: Әкімдер азық-түлік бағасын бақылауды күшейту қажет
Үкімет • Бүгін, 09:45
Елордалық оқушылар 2 наурыздан бастап қалай оқиды
Аймақтар • Бүгін, 09:38
Алматыда КВИ-мен күрескен дәрігерлерге ескерткіш ашылады
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Пневмониядан 3 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Ержан Бабақұмаров Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысын өткізді
Аймақтар • Бүгін, 09:24
Еуропалық одақ енді қай тілде сөйлейді?
Әлем • Бүгін, 09:08
Спорт • Бүгін, 09:03
Аймақтар • Бүгін, 09:02
Қазақстанда 893 науқас коронавирустан ем алды
Коронавирус • Бүгін, 09:02
Ясауидің шежіресі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:01
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:59
Спорт • Бүгін, 08:58
Қай елдерге әуе рейсі көбейеді?
Қоғам • Бүгін, 08:57
Өкпе дертінен өлім-жітім азайды
Қоғам • Бүгін, 08:56
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:52
Жас отбасыларға – баспана сертификаты
Аймақтар • Бүгін, 08:51
Театр • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:48
Қатерлі ісік және қантты сусындар
Қоғам • Бүгін, 08:46
Үнемді өндіріске – үлкен қадам
Экономика • Бүгін, 08:44
Қоршаған орта қамы қоғамға ортақ
Экология • Бүгін, 08:42
Көзбояушылықпен айналысатын компания
Экология • Бүгін, 08:42
«Сарыарқа самалының» алғашқы редакторы белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаев болған еді
Руханият • Бүгін, 08:40
Әдебиет • Бүгін, 08:39
Беларусьпен байланыстың бір белесі
Әлем • Бүгін, 08:37
Ұқсас жаңалықтар