Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы көз нұрынан айырылған адамдар үшін тек өмір әйнегі мен білім бұлағы ғана емес, қарым-қатынас орталығы. Кітапханада интернетке қосылған арнайы компьютерлер, нүктелі-бедерлі қаріппен басып шығаратын принтер, сөйлейтін кітап, DAISY сандық негізде дыбыстандырылған ақпарат жүйесіндегі тифлология кабинеті, зағиптардың жазуға арналған құралдарымен жабдықталған. Зағип жандар осындай дыбысталған кітаптардың көмегіне жүгінеді. Сондай-ақ көптеген кітап Луи Брайльдің жүйесі бойынша бедерлі-нүкте әріптерімен дайындалған. Зағип жандар кітаптағы бедерлі нүктелерді саусақ ұшымен сезіну арқылы оқиды.

Дәл қазіргі уақытта арнаулы кітапхана оқырмандарға онлайн қызмет көрсетіп, күнделікті жұмыс істеуде. Аталған кітапханада зағип жандар мен көзі нашар көретін азаматтардың ыңғайына қарай, кітап оқуға барлық жағдай қарастырылған. Ең алдымен, кітапхананың «Тифлология» бөлімі зағип оқырмандардың сұранысы бойынша кітаптарды бедерлі-нүкте әріптерімен басып шығаруды жолға қойғанын айтуға болады. Осының нәтижесінде, жергілікті жазушылардың да кітаптары басып шығарылып, оқырмандарға ұсынылды. «Саусақ ұшындағы әлем» тифлоқұралдар және «Бір ел – бір кітап», «Біздің өлкенің мақтаныштары» атты кітап көрмесін онлайн түрінде бейнежазба көрсетілді. Сонымен қатар зағип оқырмандарға абономенттік қызмет көрсету бөлімі Facebook, Instagram, YouTube арнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президенттік сыйлықтың лауреаты, сатирик Көпен Әмірбектің 70 жасқа толуына орай «Күлкі жанның шипасы» атты әзіл әңгіме өткізді. Шарада мүмкіндігі шектеулі I топ көз мүгедегі Нышанкүл Абдишеваға Көпен Әмірбектің «Көп партия» әңгімесі және II топ көз мүгедегі Сәрсен Арыстанбекке, III топ көз мүгедегі Аман Балжанға белгілі сатириктің басқа да әзіл әңгімелері бейнекамера арқылы оқылды.
Абайдың 175 жылдығына орай жылдың басынан өткізіліп келе жатқан іс-шаралар енді қашықтық режімінде жалғасын табуда. Алдымен оқырмандарға онлайн түрінде Абайдың кітап көрмесі насихатталды. Кітап көрмесіндегі дыбыстандырылған қара сөзі мен шығармалары және бедерлі-нүктелі қарпіндегі шығармалары зағип оқырмандарға ұсынылды. Облыс көлеміндегі кітапханаларда ашылған бөлімдер мен облыстық арнаулы кітапхана қоры Луи Брайльдің жүйесі бойынша бедерлі-нүкте әріптерімен басып шығарылған Ж.Жабаевтың «Халық менің шын атым», Ш.Мұртазаның «Мың бұлақ», Б.Момышұлының «Ұшқан ұя», М.Райымбекұлының «Кентавр», С.Томановтың «Тығырық», А.Көпжасарованың «Аяулы қазақ қыздары», Ш.Мамасерікованың «Өлеңімнің әр жолы өмірбаян», Ү.Битенованың «Үшаралдың Үміті», «Мен сүйген жар», К.Сәттібайұлының «Сайқымазақ дүние», Б.Бекжанның «Құс қанатындағы сағыныш» атты кітаптарымен толықты.
Сондай-ақ Дүниежүзілік балалар кітабы күніне орай «Онлайн марафон» жобасы аясында онлайн викториналық сұрақтар дайындалып, әлеуметтік желілер арқылы ұсынылды. Викториналық сұрақтар кітап әлемін, киелі Тараз өңірінің тарихын қамтыды. Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Сиднейде өткен XXVII Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмірі мен жеткен жетістіктері туралы ақпаратты дауыстап оқып, бейнебаян көрсетілді. Ал Дүниежүзілік кітап күніне орай «Кітап сарқылмас рухани қазына» тақырыбында онлайн оқу өткізілді.
Нұржахан КЕРІМБАЕВА,
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының зағип оқырмандарға абонементтік қызмет көрсету бөлімінің сектор жетекшісі
Қазақстанның қай аймақтарында жолдар ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:21
Жапония халқы Олимпиаданың өтуіне қарсы шеруге шықты
Әлем • Бүгін, 18:47
Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 17:57
Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:30
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 14:48
АҚШ-та COVID-19-қа қарсы 2,9 миллион вакцина салынды
Әлем • Бүгін, 14:07
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 10:49
Спорт • Бүгін, 10:10
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • Бүгін, 09:47
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • Бүгін, 09:37
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:27
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:07
Спорт • Кеше
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • Кеше
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • Кеше
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • Кеше
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • Кеше
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • Кеше
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Кеше
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Дзюдодан Париждегі турнир Қазан қаласына ауыстырылды
Спорт • Кеше
Атырау облысында газдан уланған төрт адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішінде 5 автобус отқа оранды
Аймақтар • Кеше
Пневмонияның 42 және 2 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Өткен тәулікте 832 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан медицина саласында ынтымақтастықты нығайтады
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 05 Наурыз, 2021
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • 05 Наурыз, 2021
Үкіметте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың отырысы өтті
Үкімет • 05 Наурыз, 2021
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • 05 Наурыз, 2021
Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберіледі
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • 05 Наурыз, 2021
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
АҚШ-тың екі штатында бетперде тақпауға рұқсат етілді
Әлем • 05 Наурыз, 2021
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Елордалықтар ақпан айында МӘМС-ке 3,2 млрд теңгеден аса жарна аударды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Нұрлан Ермекбаев ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Биыл Жаңақорған ауданынан күн электр станциясы пайдалануға беріледі
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Футзалдан «Евро-2022» додасының іріктеу ойындары өтті
Спорт • 05 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар