Республика Президенті Қ.Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі республикалық мемлекеттік комиссия жұмысын қорытындылаған отырыста бірқатар маңызды мәселенің түйінін тарқатты.

Президент өз сөзінде бүкіл əлемді алаңдатқан короновирус індеті кезінде ел азаматтарының қауіпсіздігі үшін қолға алынған іс-шараларға тоқталып, пандемияның салдарынан туындаған дағдарысқа қарсы жұмыстарды айтып өтті. Бүкіл еліміз осы індетке қарсы күресу үшін жұдырықтай жұмыла білді. Əсіресе дəрігерлер, əскери қызметкерлер, полицейлер, волонтерлер күн-түн демей жұмыс істеп, Отанға адал қызмет етудің озық үлгісін көрсетуде.
Елімізде төтенше жағдай дер кезінде жарияланып, пандемияға қарсы іс-шаралар уақтылы және сапалы атқарылуына байланысты коронавирустың жаппай таралуына жол берілмей тосқауыл қойылды. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, халықаралық сарапшылар жоғары бағалады. Дегенмен пандемия ел экономикасына кері əсерін тигізіп отыр. Осыған орай мемлекет азаматтарға, шағын жəне орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетуде. Президентіміздің пәрменімен дағдарысқа қарсы шаралар үшін 6 трлн теңгеге жуық қаржы бөлінді. Ең бірінші, жұмыссыз қалған адамдарға 42 500 теңге мөлшерінде төлем жасалды. Бұл көмек 4,2 млн адамды қамтыды. 1 млн-дай мұқтаж отбасы азық-түлікпен жəне қажетті заттармен қамтамасыз етілетін болды. Қиындыққа тап болған кәсіпкерлер үшін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер мерзімі ұзартылды. 700 мыңнан аса компания мен кəсіпкер үшін салық жүктемесі азайтылды. Сол арқылы олар 1 трлн теңгеге жуық қаржы үнемдеуге мүмкіндік туды.
Ауыл шаруашылығына айтарлықтай қолдау көрсетілуде. Əсіресе егіс науқанына кіріскен шаруаларға нақты жеңілдіктер берілуде.
Президент төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылатынын халықтың өмірі мен денсаулығын сақтай отырып, азаматтардың табысын арттыру; бизнесті қолдау жəне оны дамыту, білім жəне ғылым жүйесін жетілдіру күн тəртібінен түспейтінін айта келе, дағдарыс кезіндегі жəне одан кейінгі дамудың басымдықтарына тоқталды. Ол басымдықтар: еліміздің экономикасының өзін-өзі қамту деңгейін арттыру; экономиканың табыс әкелетін, және адам капиталын дамытатын бастамаларын қолға алу; азық-түлік қауіпсіздігін нығайту; азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту; жеке кіріс салығының үдемелі өлшемін енгізу; шетел инвестициясын елімізге тартуға бар мүмкіндікті жасау бағыттарына барынша басымдық беру.
Президент, әсіресе, ауыл шаруашылығына барынша қолдау көрсетілетінін мəлімдеді. Көктемгі егіс науқанын ұйымшылдықпен өткізу және өнім өндіруді молайтып азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін ауыл шаруашылығына 200 млрд теңге қаржы бөлінді. Қазірдің өзінде іске асырылып жатқан форвардтық сатып алуларға қоса «ҚазАгро»несиелерін қайта құрылымдау жолымен қаржыландыру тетіктері енгізіледі. Еліміздегі 2 млн-ға жуық жеке қосалқы шаруашылықтарда, шағын және орта шаруа қожалықтарында өндірілген өнімдерді дайындау, сатып алу, өңдеу жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан мыңдаған тонна көкөніс, жеміс-жидек, бақша дақылдары тұтынушыларға, қайта өңдеу кəсіпорындарына жетпей ысырап болып жатады. Президент осы мәселені шешу үшін Үкіметке, жергілікті атқарушы органдармен, «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасымен бірлесіп, ауылдағы кооперациялық желіні дамытып, «Егіс алқабынан – дүкен сөресіне дейін» атты бағдарламалық жобаны іске асыруды тапсырды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін «ҚазАгро» АҚ арқылы жылдық мөлшерлемесі 6 пайыздан аспайтын жеңілдетілген шағын несие берілетін болды. Президент Қ.Тоқаевтың тоқтаған екінші мәселесі, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру болды. Елімізде бұл бағытқа 1 трлн теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр. Ендігі мәселе, осы қомақты қаржыны тиімді пайдаланып, оны шағын және орта бизнесті дамытуға, экономикалық табыс əкелетін және адам капиталын дамытатын жаңа жұмыс орындарын ашуға, мектеп, аурухана , басқа да нысандар салуға пайдалану.
Түркістан облысындағы төтенше жағдайдың салдарын жою мəселесіне тоқтала келе, Қ.Тоқаев бұл апаттан Мақтаарал ауданында 5 ауылдың 1 мыңнан аса тұрғын үйін су басып қалғанын, қазір оның зардаптарын жою жұмыстары жүріп жатқанын, күзге дейін қираған үйлердің орнына жаңа тұрғын үйлер салынатынын, зардап шеккен əрбір адамға 100 мың теңге көлемінде өтемақы төленетінін, мал шығыны, тасқынның ауыл шаруашылығы алқаптарына тигізген зияны толық өтелетінін айтып, халық басына келген бұл апатты тікелей өзі бақылап отырганын білдірді. Президенттің бұл сөзі біздің қиналған көңілімізді орнына түсіріп, мемлекет қажетті шаралардың бəрін жасалып жатқанын, бізге сабыр мен төзім қажет екенін білдірді.
Қуаныш Айтаханов,
экономика ғылымдарының докторы
Руханият • Кеше
Өнер • Кеше
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Кеше
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Кеше
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Кеше
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Кеше
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Кеше
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Кеше
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Кеше
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Кеше
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Кеше
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Кеше
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Кеше
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Кеше
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Кеше
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • 27 Ақпан, 2021
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • 27 Ақпан, 2021
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 27 Ақпан, 2021
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Экономика • 27 Ақпан, 2021
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • 27 Ақпан, 2021
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • 27 Ақпан, 2021
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • 27 Ақпан, 2021
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар