28 Қыркүйек, 2013

Жаңа Саяси доктрина жаңа белеске бастайтын даңғыл жол болуы тиіс

330 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

 USL6483-1Алматы қаласында шығармашыл және ғылыми интеллигенция өкіл­дерінің қатысуымен «Нұр Отан» партиясының жаңа Саяси доктри­насының жобасы талқыға салынды. Оған «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысып, жиылған зиялы қауым өкілдерінің ұсыныс-пікірлеріне ден қойды.

Алматы қаласында шығармашыл және ғылыми интеллигенция өкіл­дерінің қатысуымен «Нұр Отан» партиясының жаңа Саяси доктри­насының жобасы талқыға салынды. Оған «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысып, жиылған зиялы қауым өкілдерінің ұсыныс-пікірлеріне ден қойды.

 USL6483-1

Достық үйінің мәжіліс залында өткен алқалы жиынға партия белсенділерімен қатар, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев, Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелеріне арналған «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов, Ұлттық ғылым академиясының төрағасы Мұрат Жұрынов, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры Төлеген Мұхамеджанов, Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, Қазақстан Композиторлар одағының төрайымы Балнұр Қыдырбек, жазушы-драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әкім Тарази және Алматы қаласында орналасқан жоғары оқу орындарының, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысты.

Алқалы жиынның жүр­гізу­ші­лі­гін­ қолына алған Қ.Сұл­танов пар­тия­ның XV съезі­ қарсаңында елі­міз­­­дің әр­бір өңірі мен аймақ­та­­рын­да аталған Доктринаны таныстыру және талқылау жұ­мыс­тары­ның жүр­­гізіліп жатқанын, оның сыртында съезд алдындағы дайындық мей­лін­ше пысықталуда екенін жет­кізді.

Өз кезегінде Б.Байбек партия ұсынып отырған Доктринаның ұстанған бағыты мен сүйенер құндылықтарына тоқтала отырып, «Партияның жаңа Доктринасы – уақыт талабы» деп аталатын шағын баяндама жасады. Онда Б.Байбек жыл басынан бері атқарылған істердің ретімен таныстырып, партия жанынан құрылған жұмыс тобының әзірлеген Доктрина жобасы жайлы, оның қоғамдағы рөлі мен маңызы туралы айтып өтті. Б.Байбектің айтуынша, өткен аптада «Нұр Отан» пар­тия­сының мүшелері болып табылатын үкіметтің 15 мүшесі, 80-нен аса депутат ел ішінде жүргізген саяси Доктринаны таныстыру және талқылау жұмыстарын қорытындылаған.

Партия Төрағасының бі­рін­ші орынбасары Саяси док­тринаны­ талқылау барысында жер-жерлерде «Нұр Отан» партиясының халық­ты қабылдау бөлмелері ашылып, лек-лек болып жиналған ха­­лықтың қа­жеттілігімен етене танысқанын, бұл құжат ел көкейін­де­гі мә­се­лелерді мейлінше толық қамтитын жоба ретінде құпталып отырғанын тілге тиек етті. Мұнан өзге, Б.Байбек жуырда Астана қа­ласында өткен зиялы қауым өкілдерімен кездесу барысында Саяси доктринаға енгізілуі тиіс бірқатар толықтырулардың ретімен де таныстырып өтті.­ Аста­на кездесуінде Док­три­на жобасының қазақ тілін­дегі нұсқасы мен ұлттық құн­дылықтарға, отан­дық өнер мен әдебиетке, тіл мен ділге қатысты орынды пікір-ұсыныстардың қаралғанын, сол себепті бір топ қазақ зия­лыларынан тұратын («Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ак­ционерлік қоғамының президенті Сауытбек Абдрахманов жетек­ші­лік ететін) арнайы жұмыс тобының құрыл­ғанын айта келіп, партияның ұсынып отырған Саяси доктринасында бірлік пен келісімнен кейінгі орында экономика мен саясаттан бұрын төл мәдениет пен руханият мәселесі қозғалып отырғандығын, сондықтан да елдік мәселе қозғалғанда зиялы қауым өкілдерінің рөлі ерекше екендігін баса айтты.

«Доктрина – мемлекеттің қа­зынасы мен ұлттық құнды­лық­­тар­дың сақталуына қыз­мет ететін бас­ты құжат және­ партия мүшелері мен би­лік тізгініне ие болған сая­си қайраткерлер ұстанатын негізгі құрал. Партияның әрбір мүшесі Доктринаға сүйеніп елге қызмет етуі тиіс», деп өз сөзін қорытындылады «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар