Сапар кезінде Премьер-Министрдің орынбасарымен Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова барды.
Қазіргі уақытта Жезқазған облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жалпы сомасы 3,9 млрд теңгеге 36 әлеуметтік және мәдени-тарихи жобасы жүзеге асырылуда. 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қарағанды облысындағы әлеуметтік жұмыс орындарына 472 адам жіберілді. Оның ішінде 113 адам жастар практикасына, 2 694 адам қоғамдық қызметке тартылған. Жұмыссыздық деңгейі 4,4% құрайды (2020 жылдың 1 тоқсаныны бойынша), өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 56,1 мың адам.
Сапар кезінде Премьер-Министрдің орынбасары Алтын Орданың негізін салған Жошы хан тарихи-мәдени орталығының құрлысы барысымен танысты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Жошы хан кесенесін реставрациялауға және тарихиа-мәдени орталықтың инфрақұрылымын құруға республикалық бюджеттен 800 млн теңге бөлінген. Жобада жұмыс істеп жатқан барлық жұмысшылар «Еңбек» бағдарлмасы бойынша тартылған. Тарихи-мәдени кешенді осы жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарланған.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуымен танысу аясында Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов Жезқазған тұрғындарының тұрғын үй және әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерінің қалай шешіліп жатқанына ерекше назар аударды. 2020 жылға дейін жүргізілген техникалық зерттеуге сәйкес 26 көппәтерлі тұрғын үй апатты жағдайда деп танылған, оның ішінде 9-ы күрделі жөндеуді қажет етеді, 17-сі бұзылуы тиіс. Е. Тоғжанов әкімдіктің 17 апатты үйдің тұрғындарын үш жылда басқа жерге көшіру бағдарламасын жасағанын айтты. Өңірде өткір тұрған мәселенің бірі - халықты сумен қамтамасыз ету
Тұрғындарды сумен қамту мәселесі де өзекті болып тұр. Е. Тоғжанов Жезқазған мен Сәтпаев қалаларының тұрғындарын сумен қамту мәселесін шешуі тиіс Есқұла су құбырының құрылысының барысына назар аударды
«Суға байланысты өткен жылы үлкен мәселе болғанын білеміз. Тұрғындар 11 күн сусыз отырды. Ондай мәселе болашақта болмауы керек. Облыс әкімімен бұл туралы әңгімелестік. Шешу жолы анықталды. Облыс басшылығы сумен жабдықтау мәселесін түбегейлі шешуге уәде беріп отыр», - деді Ералы Тоғжанов.
Бүгінгі таңда Сәтпаев қаласы ауыз сумен жаңа су жабдықтау жүйесі арқылы қамтамасыз етіліп отыр. 2019 жылы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің бас жобалау институты Жезқазғанды сумен қамтамасыз ету мақсатында Есқұла су таратқышын қайта қалпына келтіру жобасын жасады. Вице-премьер тұрғындардың әлеуметтік мәселесін шешу Үкіметтің бақылауында екенін баса айтты.
Өз кезегінде Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Кеңгір су қоймасынан қосымша сумен жабдықтау жүйесі екі айдың ішінде іске қосылатын хабарлады.
Е.Тоғжанов Жезқазғанда салынып жатқан 900 орындық Назарбаев зияткерлік мектебін аралап көрді. Барлық жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Қазіргі уақытта нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Халықаралық нормаларға сәйкес ауланы абаттандыру, жиһазбен жасақтау бойынша тапсырмалар берілді.