Әлем • 22 Мамыр, 2020

Моңғолия Ресейге ет жіберді

482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Моңғолиялық ақпарат көзі «Montsame.mn» агенттігі таратқан мәліметке жүгінсек, кеше аталмыш елдің үкімет мүшелері кезекті жиын ашып, коронавирус індетімен күресіп жатқан солтүстік көршісі Ресейге бір миллион АҚШ долларын құрайтын ет және ет өнімдерін тегін көмек ретінде беру жайлы шешім қабылдаған екен.

Моңғолия Ресейге ет жіберді

«Көршің аш болса, сенің тоқтығыңнан не пайда» дегендей қазіргі таңда Ресей Федерациясында індет жұқтырғандар саны 300 мыңнан асып, 3 мың адам көз жұмғаны айтылуда.

Бұдан бұрын да Моңғолия президенті Х.Баттулға оңтүстік көршісі Қытай еліне көмек ретінде тірідей 30 мың бас қой берген болатын.

«Ресей мен Моңғолия құдай қосқан ежелден көрші ел. Достастық тарихы да тереңде жатыр. Сондықтан індет ошағына айналған көршімізге көмек беру – біздің парыз. Осылай жақсылық таратсақ дерттің беті тез қайтуы мүмкін» дейді Моңғолия Сыртқы істер министрі Д.Цогтбаатар мырза.