28 Қыркүйек, 2013

Атырауда атқарылған істер ауқымды

280 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

1-Эмблема АтырауӘкімдермен жұмадағы жүздесу кеше Атырау облысымен жалғасты. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кезекті баспасөз мәсли­ха­тына әкім Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысып, Атырау облысының ахуалын, тыныс-тіршілігін, аймақта атқарылып жатқан жұмыстар жайын жария етті.

Әкімдермен жұмадағы жүздесу кеше Атырау облысымен жалғасты. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кезекті баспасөз мәсли­ха­тына әкім Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысып, Атырау облысының ахуалын, тыныс-тіршілігін, аймақта атқарылып жатқан жұмыстар жайын жария етті.

pic 51-1Ел аумағының 4 пайызын қамтып, халық санының 3,2 пайызы қоныстанған Атырау облысы өндірісі бүгінде еліміздің ішкі жалпы өнімінің 11 пайызын құрайды. Еуропа мен Азияның арасында орналасқан аталмыш аймақ өзінің географиялық артықшылығымен де ерекше. Сондықтан бұл өңірдің ел алдындағы жауапкершілік жүгі зор

Атырау дегенде, ауызға алдымен мұнай түсетіні жасырын емес. Жалпы, еліміздің батыс бөлігін бәріміз байлықпен байланыстыратынымыз рас. Себебі, қалай дегенмен де, қара алтынмен қаражат тауып отырған облыс жағдайы өзге өңірлерден өзгерек болса керек-ті.

Атырау облысында бүгінде үдемелі индустриялық-иннова­ция­лық даму мемлекеттік бағ­дар­ла­масы да тиімді жүзеге асырылуда. Мәселен, бұл бағдарлама аясында 1,4 трлн. теңгенің 34 жобасы қолға алынған. Ал бұл жобалардың іске асу нәтижесінде 4,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Өңір басшысының айтуынша, жыл басынан бері Индустрияландыру картасы шеңберінде облыста 9 жоба іске асырылған. Жоспар бойынша тағы 5 жоба қолға алынбақ. Биылдың өзінде құны 6 млрд. теңге болатын арматура шығару зауыты пайдалануға берілген. Келесі жылы өңірдегі қарқынды құрылыс саласының дамуына орай тұрғын үй құрылысы комбинатын салу жоспарланып отыр.

Өнеркәсіптік саясаттың негізгі міндеттерін тиімді атқару үшін облыста мұнай-химия кластерін құру қарастырылған. Қазіргі таңда оның бастапқы алғышарттары бар. Облыс аумағында газ-химия зауыты салынуда. Сонымен қатар, Атырау мұнай өңдеу зауытында хош иісті көмірсутектерін өндіру кешенінің құрылысы басталды, деді Б.Ізмұхамбетов.

Айта кетсек, еліміздегі өнеркәсіп өнімінің 26 пайызы, мұнайдың 40 пайызы Атырауда өндіріледі. Елімізден шығатын мұнай экспортының 35 пайызы осы өңірден жөнелтіледі. Ал елге келіп жатқан инвестицияның 5,1 бөлігі Атырау аймағының еншісінде. 2013 жылдың 8 айында облыста 21 млн. тонна мұнай, 10 текше метр газ өндіріліпті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,5 пайыз және 15 пайызға артық. Биылғы жылы аймақтық ІЖӨ көлемі 3 трлн. 3 млрд. теңгені құраған.

Баспасөз мәслихатында соңғы жылдары өңірдің экономикасы айтарлықтай дамып, инвестиция күрт өскені де айтылды. Жалпы, өндіріс өрісі кеңейген сайын ондағы экологиялық ахуал мәселесі де күрделене түсетіні белгілі. Бұл мұнайлы өлке Атырау облысы үшін аса маңызды. Баспасөз мәслихаты барысында облыс әкімі экология жағдайына да тоқталып өтті. Естеріңізде болса, қыркүйектің 24-і күні Атырау облысындағы «Болашақ» зауытында төтенше жағдай тіркеліп, зауыттан шамамен 3 шақырым жерде Қашаған кен орнының «Д» аралынан келетін газдың кемуі орын алған болатын. Осыған алаңдаған журналистер сұрағына орай өңір басшысы бүгінде өңірде ашық аспан астында қалған 9 млн. тонна күкірттің 1 млн. тоннаға азайтылғандығын айтып өтті. Атырауда күкірттің көп болатыны мұнай компанияларының жұмысымен тығыз байланысты. Мысалы, аймақтағы «Теңізшевройл» – ірі кен орны. Осы өңірге алғаш инвестиция әкелген компания теңізде сұйық күкіртті қайта өңдеумен айналысады. Облыс басшысының пайымдауынша, өңірдегі экологиялық мәселелер дер кезінде дұрыс қаралмай қалған. Дегенмен, Б.Ізмұхамбетов дәл қазір облыс халқына қауіп төндіретіндей экологиялық қиындық жоқ деп мәлімдеді.

«Бос күкірт үлкен көлемде болуы экология үшін аса қауіпті. Бұны ұзақ айтудың қажеті жоқ. Сондықтан болашақта, Қашаған кен орны іске қосылғанда да күкірт мәселесі туындайды. Сондықтан қазірден бастап күкіртті қиыршық және түйіршек күйінде дайындап, сақтап, оны мезгілінде жөнелтуді қарастырып отырмыз», деді Б.Ізмұхамбетов.

Сөз ретінде Мемлекет басшысының бастамасымен жоғарыда аталған Қашаған кен орнындағы Қазақстан үлесінің өсіп отырғанын да назарға сала кеткен орынды.

Қазір аймақта күкірт

Соңғы жаңалықтар