Коронавирус • 22 Мамыр, 2020

Ақмола облысында 3 жасар қыз бала коронавирус жұқтырды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Ақмола облысында өткен тәулікте 7 адам коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

Ақмола облысында 3 жасар қыз бала коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте тіркелген 7 адамның 4-еуі бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласынан анықталған адаммен жақын байланыста болған. Целиноград ауданының Қосшы ауылында COVID-19 үй ошағында 1969 және 1995 жылғы әйел адамдардан, 1995 жылғы ер адамнан және 2017 жылы туған қыз баладан табылды. Тағы екі жағдай аталған елді мекеннің әкімшілік аумағымен байланысты. Қауіптілік тобынан 1953 жылғы зейнеткерден коронавирус анықталды. Сондай-ақ респираторлық ауруы бар 1998 жылғы ер азаматты скринингтік тексеру барысында коронавирус анықталды.

Бұған қоса, скринингтік тексеру кезінде COVID-19 Аршалы ауданында 1998 жылғы жүкті әйелдің ағзасынан табылды.

Барлығы Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылды. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.

Өткен тәуліктегі жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 142 адам тіркелген. Олардың 126-сы Целиноград ауданында, оның ішінде 40 адам Қосшы елді мекенінде тіркелген. Қалған науқастар Көкшетау қаласында және Ақкөл, Аршалы, Егіндікөл, Шортанды аудандарында анықталған.