Бұл жағдайлар коронавирус жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарға скрининг және тексеру жүргізу барысында анықталды.
Пациенттердің барлығы жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды.
Қазіргі уақытта аурушаңдықтың жағдайы қанағаттанарлық, оларға бекітілген хаттамаға сәйкес емдеу жүргізіледі. Індетті жұқтыру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
Мамырдың 21-і күнгі жағдай бойынша, Қарағанды облысында КВИ жұқтырғандардың саны 430 адамға жетті. Оның ішінде үш науқас осы дерттен көз жұмды және 170 адам жазылып шықты.
Қарағанды облысы