Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істейтін Түркістан облысының тұрғыны 20 сәуір күні Омбы қаласынан М. Жұмабаев атындағы ауданның «Қарақоға» бекетіне келген. Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде COVID-19-ға тексеріліп, вирус анықталғаннан кейін «Бірінші қалалық аурухана» КМК ШЖҚ жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған.
- Бекітілген хаттамаға сәйкес емдеу басталды. Онымен байланыста болған адамдардың саны анықталуда. Эпидемиологиялық тексеру жұмыстары қолға алынған, - делінген хабарламада.
Өткен тәуліктегі жағдай бойынша СҚО аумағында COVID-19 вирусын жұқтырған 40 адам тіркелді.