Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы төтенше жағдайға байланысты ораза айт мейрамын өткізу туралы арнайы мәлімдеме жасады.

Аса Рақымды ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз!
Құрметті отандастар, қадірменді жамағат!
Мұсылман қауымының ұлық мерекесі Ораза айт мейрамымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз.
Ораза айт мерекесі – бір ай бойы шынайы ықыласпен ораза ұстап, әр күнін жақсылық жасаумен өткізген адамның құрметке, марапатқа ие болатын кезі. Алла Тағала құдси хадисте: «Пенделерiм Мен парыз еткен оразаны атқарып, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн…», – деген.
Ислам дінінде кез келген мереке ғибадатпен бастау алады. Шариғатымыз бойынша айт намазын жамағатпен оқу – уәжіп. Алайда, биылғы ораза айт намазы еліміздегі карантин жағдайына байланысты мешіттерде жамағатпен өткізілмейді. Ханафи мәзһабы бойынша айт намазын үйде жеке оқу дұрыс емес.
Бірақ, айт күні күн найза бойы көтерілгеннен кейін әркім өз үйінде екі немесе төрт ракағат нәпіл (дұха) намазын жеке оқи алады. Оны төрт ракағат етіп оқу – абзал. Абдулла ибн Масғуд (Алла одан разы болсын): «Айт намазын оқи алмаған адам төрт ракағат намаз оқиды. Бірінші ракағатта «Фатиха» сүресінен кейін «Сәббихисмә раббикәл-ағлаа», екінші ракағатта «Уәш-шәмси уә духааһәә», үшінші ракағатта «Уәл-ләйли изаа яғшаа», төртінші ракағатта «Уад-духаа» сүрелерін оқиды», – деген. Ал аталмыш сүрелерді жатқа білмейтін кісілер басқа да сүрелерді оқыса болады.
Айт күні сәресін ішпейді, күндіз аузы ашық болады. Өйткені, хадисте: «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза және құрбан айт күндері ораза ұстауға тыйым салатын» делінген.
Ораза айт – мереке. Сондықтан мейрам күні ата-анамызға, отбасымызға, балаларға, тума-туыстарға сыйлық үлестіру – сауапты әрі игі іске жатады. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер, араларыңда сүйіспеншіліктерің артады» – деп өсиет еткен.
Ораза айт – кешірім жасайтын күн. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әрбір жүрегі пәк – тілі шыншыл адам», – деді. Сахабалар: «Тілі шыншыл деген түсінікті, жүрегі пәк дегенді қалай түсінеміз» деп сұрағанда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жүрегі пәк дегеніміз – тақуа, таза, ыза және көре алмаушылықтан ада адам», – деді.
Ораза айт – мұқтаждарға көмектесетін күн. Құран Кәрімде: «Аллаға құлшылық етіңдер, Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық жасаңдар», – делінген («Ниса» сүресі, 36-аят).
Жаратқан Алла әрбіріміздің ораза айт күні жасаған ізгі істерімізді, дұға-тілектерімізді қабыл етіп, жылдан жылға, айдан айға аман-есен жетуді нәсіп еткей!
38 мың өтініштің 18 мыңы мақұлданды
Қоғам • Кеше
Жылжымалы зертханалар жолға шықты
Медицина • Кеше
Мәулен Әшімбаев: Вакцинация мәжбүрлі түрде жүргізілмейді
Парламент • Кеше
Қордайдағы биофармацевтикалық зауыттың құрылысы қарқын алды
Аймақтар • Кеше
Елорда дәрігерлері қала тұрғындарына үндеу жасады
Елорда • Кеше
Алматы дәрігерлері індет ауамен тарайтынын тағы еске салды
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда тұрғын үйдегі жертөледен өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Әділет министрлігі Қазақстанға крематорий не үшін керек екенін айтты
Қазақстан • Кеше
Оралда 71 жастағы қария өзіне қол жұмсады
Қоғам • Кеше
Пандемия жағдайындағы Алматыда МСАК рөлі күшейтілді
Медицина • Кеше
Президент жылжымайтын мүлік құқықтарына қатысты заңға қол қойды
Президент • Кеше
Сенаторлар ЕАЭО Кеден кодексіндегі өзгерістерді талқылады
Қазақстан • Кеше
Кеген ауданында мал неге қырылды?
Аймақтар • Кеше
Депутаттар нотариус қызметін цифрландырудың мүмкіндіктерін талқылады
Қазақстан • Кеше
Қарағанды облысының тұрғындары оқ жарақатымен ауруханаға түсті
Аймақтар • Кеше
ИИДМ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою процестері көрсетілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда бір аптада 73 адам коронавирустан көз жұмды
Қазақстан • Кеше
Заңсыз айналымнан 340 келіден астам есірткі алынды
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
Президент • Кеше
Шетелден келген 137 жолаушының ПТР-анықтамасы жоқ
Қазақстан • Кеше
Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматы облысында оқушыны жүк көлігі қағып кетті
Аймақтар • Кеше
Елорда дәрігерлері қала тұрғындарына үндеу жасады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте «Таза қала» іс-шарасы жалғасуда
Аймақтар • Кеше
Алматыда есірткі сататын 247 сайт бұғатталды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан Түркістаннан Ташкентке дейін теміржол салуды бастайды
Қазақстан • Кеше
Атырауда үш мас әйел төбелес шығарды
Аймақтар • Кеше
Тәжікстан коронавирус індетін жойды
Әлем • Кеше
«Қасым хан» сериалы: 30 миллион теңгеге жуық қаражат ұрланған
Қазақстан • Кеше
Тұрғын үйлердің сапасына мониторинг жүргізілді
Аймақтар • Кеше
Тауарлы сүт фермасын салуға 40 млн доллар инвестиция тартылмақ
Аймақтар • Кеше
«OSS Kazakhstan» экспортты ұлғайтуды жоспарлап отыр
Экономика • Кеше
Павлодарда 12 жылдан бері іздеуде жүрген ресейлік азамат ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда монополияға қарсы жаңа заң әзірленеді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан құрамасы халықаралық білім олимпиадасынан алтын жүлде алды
Қазақстан • Кеше
Білім • Кеше
Төлеби ауданында оқушылар үйі салынады
Білім • Кеше
Жетісу «жасыл аймаққа» қайта оралды
Аймақтар • Кеше
Байғабылда су мұнарасы құлап қалды
Аймақтар • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстандық вакцинаны салдырамын
Президент • Кеше
Қызылордада биыл 4 ірі жоба іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі байланыс пен интернет сапасын сынға алды
Технология • Кеше
Жер кодексіне түзетулер енгізіледі
Қазақстан • Кеше
Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігі құрылады
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар