Қысқарту жөніндегі іc-шаралар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жедел штабы отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында іске асырылуда.
Осы жылғы наурызда Қордың топ-менеджменті мен портфельдік компаниялардың басшылары қалыптасқан күрделі халықаралық жағдайды ескере отырып, іске асырылған және болуы ықтимал тәуекелдерді назарға алу механизмдерін талқылағаны белгілі. Отырыс қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазынаның» құрамына кіретін компаниялардың алдына кең ауқымды міндеттер қойылып, нақты тапсырмалар берілген болатын, солардың қатарында – өздерінің өндірістік қызметіне тікелей әсер етпейтін шығыстарды қысқарту бар.
Операциялық шығыстармен қатар, компания күрделі сипаттағы шығыстарын да қайта қарады, бұлар бойынша оңтайландыру 15,8 млрд теңгені немесе жалпы инвестициялық шығыстардың 13%-ін құрайды. Мыналар оңтайландырылды:
- Инвестициялық жобалар, сомасы 9,3 млрд теңге;
- Өндірістік активтерді жұмыс бабында ұстауға кететін шығыстар – 2,3 млрд теңге, әкімшілік активтерді ұстауға кететін шығыстар – 36 млн теңге;
- Өзге де күрделі шығыстар 4,2 млрд теңге мөлшерінде.
Бүгінгі күні Корпоративтік орталықтың 30% қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшірілген.
Тұтас алғанда, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның электр энергетикасы және көмір өндіру салаларындағы жұмысы қазіргі кезде штаттық режімде іске асырылуда.