Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Түркістан: Зардап шеккендерге өтемақы төлене бастады

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Түркістан» әлеуметтік даму Корпоративтік қоры Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы зақымдалған тұрғын үйлерді қалпына келтіру үшін өтемақы төлеу бағдарламасын іске асыруда.

Түркістан: Зардап шеккендерге өтемақы төлене бастады

Бағдарлама бойынша әр отбасы үшін үш ірі траншпен 17 млн теңге көлемінде өтемақы төлеу көзделген. Бүгінгі күні 19 отбасы 8,5 млн теңге көлемінде бірінші транш алды (жалпы соманың 50%). Қалған 25% - дан 2 транш тұрғын үй құрылысының барысында төленеді. Сонымен қатар аудан әкімдігі зақымдалған тұрғын үйлерді есептеу және тұрғындарға өтемақы алу үшін керек құжаттарды жинау бойынша көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.

Осы арада айта кетелік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының барлық қажетті құралдармен жабдықталған мобильді ХҚО-лары аудан бойынша орналасқан эвакуациялау пункттерін кезекпен аралап, жоғалған құжаттарды қайта қалпына келтіруге көмек көрсетуде. Төтенше жағдай орын алған мамыр айының басынан бастап мақтааралдықтарға корпорация өз есебінен ақысыз түрде 210 техникалық төлқұжат, 245 меншік иесі туралы мәлімет, 872 жылжымайтын мүліктің техникалық төлқұжаттарын және құқық белгілейтін құжаттың мұрағаттық көшірмесін беріп, 210 өлшеп-сызу жұмыстарын жүргізді. 492 тұрғын жылжымайтын мүлік дерекқорындағы қателіктерді түзетіп, 1 300 адам қажетті құжаттарын рәсімдеп, басқа да мемлекеттік қызметтер алған. Қазіргі уақытта мемлекеттік корпорацияның 25 қызметкері жер кадастры және жылжымайтын мүлік құжаттарын қалпына келтіру үшін өтініш қабылдап, тұрғындарға кеңес беруде.