Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Қараусыз қалған мал көлік қозғалысына қатер төндіруде

555 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төрт түліктің жол бойында қараусыз жайылуы көлік қозғалысына кедергі келтіретіні аз айтылып жүрген жоқ. Әсіресе, түнде жолға шығып кеткен мал талай  жол-көлік оқиғасын тудырып отырғаны да белгілі.

Қараусыз қалған мал көлік қозғалысына қатер төндіруде

Өткен жылдың өзінде республикалық маңызы бар «Шымкент-Самара» автомобиль жолының бойында мал қағудың 8 дерегі орын алып, оның салдарынан 2  адам қаза болып, 13 адам түрлі дене жарақаттарын алған.

Осыдан да полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,  малға көлік  жарығымен шағылысып, алыстан көрінетін таспалар байлау жөнінде ұсыныс жасауда. Бұл жол  бойындағы авто апаттардың азаюына септігін тигізеді.   

Полиция департаменті қызметкерлері күре жолмен мал айдағандарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 615 - бабына сәйкес әкімшілік шара қарастырылатынын да ескертті.

 

Қызылорда облысы