Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай деректер келтірген Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығының орынбасары Асанғали Төлепберген орман, дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, тиісті мекемелерге жұмыс жүргізу үшін тапсырмалар берілгенін атап өтті. «Облыстық әкімдікпен бекітілген «Мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде 2018-2020 жылдарда өрт сөндіру бекеттерін құру» туралы жоспарға сәйкес, биыл 11 бекет құру көзделген. Бүгінгі таңда барлық қала, аудан әкімдіктері тиісті жұмыстар атқаруда. Жасалынып жатқан жұмыстар нәтижесінде облыс аумағында 13 бекет жұмыс істеуде», деді Асанғали Мадиханұлы.
Сондай-ақ департамент өкілі өңірдегі Төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің құрамдық-техникалық жағдайынан мәліметтер келтіріп, атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.