28 Қыркүйек, 2013

БҰҰ Сириядағы химиялық қару жөнінде қарар қабылдады

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 09-OON SovbezБҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сириядағы химиялық қаруды жою жөніндегі қарарды мақұлдады. Бұл туралы «lifenews.ru» хабарлады.

Қарарда көрсетілгендей, химиялық қару жойылмаған немесе үшінші тарапқа берілген жағдайда БҰҰ Жарғысының 7 тарауында белгіленген шара қолданылатын болады. Бұл тарау бойынша халықаралық ұйым әскери күш қолдану арқылы қатаң шараларға бара алады. Қарар барлық мемлекеттерден химиялық қаруды өндіруге, алу мен қолдануға көмек көрсетпеуді талап етеді. Мұнан өзге, қабылданған құжат Башар Асадтың үкіметі мен Сириядағы оппозициялық топтарды елдегі саяси тұрақтылықты орнату үшін ортақ шешімге келуге шақырады.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар