Үкімет Ақпарат саласын дамытудың 2020 – 2022 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекітті. Оған сәйкес мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары оңтайландыру шараларымен қамтылады. Бұл тұрғыда «Егемен Қазақстан» АҚ, «Казахстанская правда» АҚ, «Хабар» АҚ, «Қазақстан» РТРК» АҚ , «Қазмедиаорталығы» ЖШС, «Қазтелерадио» АҚ ескерілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 183 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақпарат саласын дамытудың 2020 – 2022 жылдарға арналған ұлттық жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) бекітілсін.
2. Ұлттық жоспарды орындауға жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар: 1) Ұлттық жоспарды іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын; 2) жылына екі рет, есепті жылдан кейінгі 10 қаңтардан және 10 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Ақпарат саласын дамыту жөніндегі 2020 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі есепті жылдан кейінгі 25 қаңтардан және 25 шілдеден кешіктірмей Премьер-Министр Кеңсесіне және Президент Әкімшілігіне Ұлттық жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Премьер-Министр А. Мамин Отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін БАҚ-ты мемлекеттік қолдау тәсілдерін қайта қарау көзделген. Осыған байланысты, жаңалықтар материалдарын өндіруге мемлекеттік ақпараттық тапсырыстан қаражат бөлуді алып тастауды қарау қажеттігі, сол арқылы оларды әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды жария етуге бағыттау керектігі атап өтілген. Осы шараны Интернетте, мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу шеңберінде жүзеге асыруға болады.
«Сонымен қатар баспа БАҚ-та талдамалық контентке баса назар аударуды көздеу қажет. Жаңалықтар материалдарын интернет-ресурстарының жариялау жеделдігі сияқты объективті себептерге байланысты баспа БАҚ-тардың журналистік зерттеулерді, шолу материалдарын, сараптамалық мақалаларды және басқаларды қоса алғанда, талдамалық контенттің орнын иеленгені жөн», - делінген жоспарда.
Сондай-ақ ақпарат саласында квазимемлекеттік сектор субъектілерін оңтайландыру жүргізіледі.
«Бүгінде медиахолдингтер көптеген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді және ұйымдық қызметті орталықтандыруды, мәселелерді жедел қаржылық-экономикалық шешу мүмкіндігін, шығындарды оңтайландыруды, оның ішінде әкімшілік-техникалық персоналға үнемдеуді қоса алғанда, бірқатар артықшылыққа ие. Медиахолдингтерді құру ұйымның шығармашылық әлеуетіне назар аударуға мүмкіндік береді», - деп жазылған құжатта.
Осы орайда онлайн және баспа БАҚ саласында жеке медиахолдингтер құру нарық сұраныстарына икемді ден қоюға, сапалы бәсекелес өнім ұсынуға, сондай-ақ оларды қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік беретіндігі аталып өткен. Мұнымен қоса, бірыңғай материалдық-техникалық база құрылады.
«Материалдық-техникалық жабдықтарды эргономикалық пайдалануды, сондай-ақ бюджет қаражатын үнемдеуді ұйымдастыру үшін мемлекеттік телеарналарға арналған бірыңғай материалдық-техникалық база құрудың тиімділігін зерделеу ұсынылады. Өз жабдықтарынан басқа телеарналар осы базаның ресурстарын пайдалана алады, бұл олардың контент дайындаудағы мүмкіндіктерін кеңейтеді», - делінген жоспарда.
Осы шара мемлекеттік телеарналардың материалдық-техникалық базасын жаңартуды да көздейді. Бұдан бөлек, блогерлердің құқықтық мәртебесін айқындау мәселесіне назар аударылған.
«Интернет желісін дамыту журналистиканың, оның ішінде азаматтық журналистиканың жаңа түрлерін дамытуға ықпал етеді. Бүгінде әлеуметтік желілер мен әртүрлі желілік платформалар аудиториясының өсуінің арқасында блогерлер мәселелердің ауқымды спектрі жөнінде аудиторияның хабардар болуына және жалпы қоғамдық пікірге айтарлықтай әсер етеді. Блогерлердің қызметін құқықтық реттеу мақсатында көптеген елдер бірқатар халықаралық құжаттарды басшылыққа алады. Мысалы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің №34 жалпы тәртіптегі ескертуінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі комитеті блогерлердің қызметін журналистика нысанына теңестіреді: «журналистік функцияларды адамдардың ауқымды тобы, оның ішінде кәсіпқой штаттық репортерлер мен талдаушылар, блогерлер және баспа басылымдарында, Интернетте немесе басқа да жерлерде жарияланатын басқа да адамдар атқарады. Осылайша, халықаралық тәжірибені ескере отырып, еріктілік қағидатына негізделген отандық блогерлердің қызметін құқықтық қамтамасыз еткен жөн», - делінген жоспарда.
Шара блогерлерді мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда аккредиттеу құқығын қоса алғанда, құқықтармен және журналистер жұмысының өмірлік маңызы бар бөлігі болып саналатын қорғаумен (төтенше жағдайларды жою, қарулы арнайы операцияларды жария ету кезіндегі таным белгілері және басқалар) қамтамасыз ете алады.
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданды
Қазақстан • Кеше
Алматыда қанша тұрғын үй жылусыз қалды?
Аймақтар • Кеше
Армениядан әкелген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады
Әлем • Кеше
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық есептеу жеңілдетілді
Экономика • Кеше
Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматылық студенттер Алғыс айту күнін атап өтті
Қазақстан • Кеше
Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойы тойланды
Қазақстан • Кеше
ҚДКБҚ депозиттердің сәуірдегі ең жоғары мөлшерлемелерін жариялады
Экономика • Кеше
Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Аймақтар • Кеше
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Кеше
Үкімет • Кеше
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Кеше
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Кеше
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Кеше
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Кеше
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Кеше
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Кеше
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Кеше
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Кеше
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар