28 Қыркүйек, 2013

Гран-при. Қазақстан дзюдошылары қарсыластарын анықтады

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26-09-13-dziydo-1

Бүгін Алматыда басталған дзюдодан әлемдік Гран-при жарысының жеребесі тартылды. Оған сәйкес, Қазақстан құрамасының 100 килоға дейінгі салмақтағы лидері Максим Раков бірінші айналымды жіберетін болды. Ал екінші айналымда ресейлік Станислав Гасин мен жерлесі Дархан Темірхановтың қай жеңгенімен кездеседі. Жеребе басқа да бірқатар қазақстандықтарға оң көзімен қарады. Осылайша жақында өткен әлем чемпионатына қатысып қайтқан Асхат Тельманов пен Елдос Сметов (60 кг), Ислам Бозбаев (90 кг) бірінші айналымда бос болады. Ал Бразилияда өткен жаһандық жарыста бесінші орын алған Дастан Ықыбаев (73 кг) бірінші айналымда белорус Вадим Шокпен ұстасады. Сол сияқты Ержан Шынкеев АҚШ атынан күресетін Акбаржан Иминовпен белдеседі. Қыздар арасында Лондон Олимпиялық ойындарына қатысушы Александра Подрядова (48 кг) жартылай финалға шығу үшін қырғыз Айзада Жаналиевамен күш сынасады. 78 килоға дейінгі салмақта Қазақстан құрамасының лидері Гүлжан Исанова жартылай финалдан бастап шайқасқа қосылады. Айта кетейік, Алматыдағы Гран-при белдесулері екі күнге созылады. Ол 28-29 қыркүйек күндері Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Руслан Игілік.
Соңғы жаңалықтар