28 Қыркүйек, 2013

Дзюдо. Гран-при: Қазақстан атлеттері бірнеше медальге қол жеткізді

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28-09-13-dziydo-1

Алматыда бүгін, 28 қыркүйек күні басталған дзюдодан әлемдік Гран-при жарысының бірінші күнінде Қазақстан татами шеберлері әртүрлі деңгейлі бірнеше медальге қол жеткізді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. Қазақстан дзюдошылары 60 килоға дейінгі салмақта жүлделі төрт орынды түгелдей өздері иемденді. Мұнда бірінші орынды Елдос Сметов, екінші орынды Айбек Имашев, ал үшінші орынды Асхат Тельманов пен Рустам Ибраев жеңіп алды. Турнирде бұл күні біздің тағы төрт атлетіміз табысты өнер көрсетті. Атап айтқанда, 66 килоға дейінгі салмақта Елдос Жұмаханов алтын медаль алса, Бақдәулет Сәбитов қола медальге қол артты. Сондай-ақ 73 килоға дейінгі салмақта Ертуған Төренов пен Дастан Ықыбаев тиісінше екінші және үшінші тұғырларға табан тіреді. Тағы бір күміс медальді Александра Подрядова (48 кг) қоржынға түсірді. Ол финалда ресейлік Кристина Румынцеваға жол беріп қойды. Бұлардан бөлек, екі қола медальды Севара Нышанбаева (57 кг) мен Мариана Ордабаева (63 кг) мойындарына орады. Турнир ертең, 29 қыркүйек күні аяқталады. Ол Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтіп жатыр. Дамир Қожамқұл.  
Соңғы жаңалықтар