28 Қыркүйек, 2013

Футбол. Бірінші лига. Топ басындағылар жеңіске жетті

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28-09-13-futvall-1

Бүгін, 28 қыркүйек күні Қазақстан чемпионатының бірінші лигасындағы сайыста топ бастап келе жатқан Қызылорданың «Қайсар» командасы Қарағандыда жергілікті «Гефест» клубымен кездесіп, оны 6:0 деген ірі есеппен ұтты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. Қызылордалықтар 31-турда орын алған осы кезекті жеңісінен кейін турнир кестесіндегі жағдайын бұрынғы қалпында ұстап қалды. Ол өзінің соңынан келе жатқан Ақтаудың «Каспий» командасымен аралықтағы 6 ұпай айырмашылығын бұзған жоқ. Бұл күні Маңғыстау футболшылары да ұтысқа ие болды. Олар елордада «Астана-1964» жасағына қарсы ойынды 2:0 есебімен өз пайдасына шеше білді. Көш басындағылар қатарындағы Алматы облысы Өтеген батыр кентінің «Іле-Сәулет» ұжымы Сыр бойы футболшыларының есебін қайталады. Ол өз алаңында Шымкенттің БИІК командасын осындай нәтижемен тізе бүктірді. Ал сенсацияны жасаған Жетісайдың «Мақтаарал» командасы болды. Ол Петропавлда «Қызылжарды» 3:2 етіп сүріндірді. Қалған ойындар мынадай нәтижелер әкелді: «Екібастұз» (Екібастұз) - «Бәйтерек» (Астана) 2:0 «Спартак» (Семей) - «Болат-АМТ» (Теміртау) 2:0 «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Қыран» (Шымкент) 1:0 ЦСКА (Алматы) – «Лашын» (Қаратау) 1:1 Бүгін сондай-ақ Премьер-лига командаларының қосалқы құрамдары өзара кездесті. Бұл матчтарда мынадай есептер тіркелді: «Восток» (Өскемен) - «Ақжайық» (Орал) 5:0 «Ертіс» (Павлодар) – «Шахтер» (Қарағанды) 1:0 «Ордабасы» (Шымкент) – «Астана» (Астана) 3:0 «Қайрат» (Алматы) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 3:0 «Тараз» (Тараз) – «Жетісу» (Талдықорған) 4:2 «Атырау» (Атырау) – «Тобыл» (Қостанай) 0:1 Дамир Қожамқұл.
Соңғы жаңалықтар