Бүгінде құрылыс алаңында іргетас орындары дайындалып жатыр.
Қор атынан бұған дейін көмек ретінде 20 тонна азық-түлік келген болатын. Сондай-ақ, «Салиқалы ұрпақ» қоры судан зардап шеккен жағдайы төмен 100 отбасыға 100 мың теңгеден үлестірмек. Балаларға базарлық ретінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 20 оқушының Алматы облысындағы жазғы лагерьлерде демалуына мүмкіндік жасайтын болады.
Ал 20 үйдің құрылысы «Салиқалы ұрпақ» қорының ресми өкілі Нұрлан Байымбетовтің айтуынша, алдағы шілде айының соңында толық аяқталып, тұрғындарға кілті табысталады. Құрылыс жұмыстарын жергілікті «Нұр ел» және «Тіней-құрылыс» компаниялары жүргізуде.