Аймақтар • 24 Мамыр, 2020

Маңғыстау облысы Полиция департаменті «қатемен жұмыс» жасап жатыр

1087 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа жүйені мекеме басшысы полиция генерал-майоры Бақтыбаев Жанарбектің өзі енгізді, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті «қатемен жұмыс» жасап жатыр

Жіберілген қателерді талдау мақсатында полицейлер тәртіп сақшылары мен азаматтардың қатысуымен желіге жарияланған бейнероликтерді қарап шығады.

Айтуларынша, мұндай тәжірибе полицейлердің кәсіби деңгейін арттыра отырып, сонымен қатар әр түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға әсерін тигізеді және өз әрекеттерін талдау полиция қызметкерлерінің сөйлесу мәдениетін жоғарылатады.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби дайындығы, тәрбиесі мен білімі басшылық құрамның басты назарында. Аталған жаңа жүйе тек облыс орталығында ғана емес, сондай-ақ, өңірдегі әр ауданда енгізілді.