Қоғам • 24 Мамыр, 2020

Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Ораза Айт мерекесімен құттықтады

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Ораза Айт мерекесімен құттықтады.

Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Ораза Айт мерекесімен құттықтады

- Құрметті отандастар! Баршаңызды бүгінгі Ораза Айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл құлшылық пен кешірім, береке мен бірлік салтанат құратын Рамазан айының аяқталғанын айғақтайтын ұлық мереке.

Дəл осы күні Алла тағаланың разылығы үшін бір ай бойы ауыз бекітіп, мұсылмандықтың бес парызының бірі саналатын Ораза шарттарын орындаған жандар ауыз ашады.

Халқымыз ықылым заманнан бері шарапаты мол үш күндік Ораза Айтты айрықша қуаныш, зор ықыласпен атап өтеді.

Осынау орайлы сəтті пайдалана отырып, баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!-деп жазылған құттықтау хатында.