«Біз біргеміз!» акциясы мен Түркістан облысы Мақтаарал ауданы тұрғындарына көрсетілген гуманитарлық көмек нағыз қайырымдылық пен мейірімділіктің жарқын үлгісі бола алды.
Қазақстанда әртүрлі діни конфессия өкілдері ежелден тату-тәтті өмір сүріп, біте-қайнасып келеді. Қазіргі таңда олар қоғамдық өмірге белсене араласып, бірлік пен келісімді нығайтуға өз үлестерін қосып отыр.
Бүгінгі ұлық мерекеде барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, толағай табыс, мол бақыт пен сәттілік тілейміз.
Ораза айт әрбір шаңыраққа ырыс-құт пен бақ-береке ала келсін!
Қазақстан халқы Ассамблеясы