«Коронавирус салдарынан көз жұмған адамдардың құрметіне орай, алдағы сейсенбіден бастап күллі Испания қара жамылады. Бұл шара 10 күнге жалғасады. Сонымен қатар жаппай оқшаулау шарасы алдағы апталарда да жалғасын табады» деді үкімет басшысы.
Бұл аталған мемлекет тарихында тұңғыш рет әрі ресми түрде ең ұзақ мерзімге жарияланған қаралы күндер көрінеді.
Өйткені елде індет етек алған наурыз айынан бастап есептегенде барлығы 282 370 жағдай тіркелсе, дерт салдарынан қаза тапқандар саны 28 678 адамға жетіпті.