Аймақтар • 25 Мамыр, 2020

COVID-19: Талдықорғанда індет жұқтырғандар қатары көбейіп келеді

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы облысында коронавирус инфекциясы жұққан  тағы 4 адам танықталды. Науқастардың бәрі Талдықорған қаласының тұрғындары екен. Ал осы сәтке дейінгі мәлімет бойынша облыс аумағында ауырғандар саны 288 жанға жетті.

COVID-19: Талдықорғанда індет жұқтырғандар қатары көбейіп келеді

- Талдықорған қласының 1959, 1964, 1983, 1990 жылы туған тұрғындарынан індет белгісі табылды. Олардың үшеуі бұрын  коронавирус инфекциясымен ауырған адаммен байланыста болған, ал біреуі профилактикалық тексеру барысында анықталды. Барлық науқастар бұрын оқшауланған, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде, - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айтпақшы, бүгін әлеуметтік желі қолданушылары Алматы облысында жұқпалы індеттен қайтыс болған науқас туралы жазған болатын. Осыған орай облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелден мәселенің анығын сұраған едік, ол аймақта індеттен көз жұмған науқас тіркелмегенін, тараған ақпараттың жалған екенін түсіндірді. Баспасөз хатшысының айтуынша, вирус жұқтырған барлық науқастың денсаулығы қалыпты. Ем алушылардың жағдайы нашарлап, жасанды тыныс алу құрылғысының көмегіне жүгінуі болмаған екен.

 

Алматы облысы