Аймақтар • 25 Мамыр, 2020

Қапшағай қаласының әкімі ауысты

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қапшағай қаласына жаңа әкім тағайындалды. Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қаланың жаңа басшысын таныстырды.

Қапшағай қаласының әкімі ауысты

Облыс әкімі Қапшағай қалалық мəслихатының кезектен тыс 71- сессиясына қатысып, қала әкімінің кандидатурасын ұсынды. Депуттардың бірауыздан қолдауымен және Президент Əкімшілігінің келісімімен Нұрлан Құматаев Қапшағай қаласының әкімі болып тағындалды. Ол бұған дейін төрт жылға жуық қаланы басқарған Талғат Қайнарбековты алмастырды.

Нұрлан Құматаев 1970 жылы туған. Бұған дейін Іле ауданы əкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.