Аймақтар • 25 Мамыр, 2020

Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүруде

429 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте жазғы аптап ыстықта түрлі қансорғыш зиянкестердің көзін жою мақсатында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүруде

Жыл басынан бері кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары барысында 58 968 бас ірі қара мал бүркітіліп, 8 500 бас уақ мал тоғытылған. Ал, 1 455 715 шаршы метр аумақ қора-қопсы мен 297 830 шаршы метр буферлік аумақ залалсыздандырылды.

Сонымен қатар 8 саябақ пен 37 гүлзарларға жалпы аумағы 2 867 260 шаршы метрді кенеге қарсы дәрілеу  жоспарда бар. Аталған іс-шаралардың сапалы жүргізілуі үшін, жеке қожалықтардағы қора жайлардың алдымен тазартылғаны жөн.

 

Шымкент