Түркістан облысында биыл 24 658 оқушы алтын ұяларымен қоштасып, үлкен өмірге қадам басады. Олардың 1541-і «Алтын белгіге», 1240-ы «Үздік аттестатқа» үміткер. Биылғы оқу жылында білім саласындағы жетістіктер жетерлік. Мысалы, 24 ұстаз Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісімен және 24 мұғалім «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Үш мұғалім «Жылдың үздік педагогі» номинациясы бойынша марапатталып, оларға 1 млн теңге сыйақы тарту етілді.
Айта кетелік, соңғы үш жылда Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша Түркістан облысының мектеп түлектері еліміз бойынша жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Былтыр ҰБТ нәтижесімен республикада ең жоғары 140 балды жинаған Түркістан облысының түлегі болатын.