Аймақтар • 25 Мамыр, 2020

Шымкенттің бас ұстазы түлектерге естелік айтып берді

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева «ZOOM» платформасындағы бейнеконференция арқылы түлектер мен олардың ата-аналарын, ұстаздар қауымын оқу жылының аяқталуымен құттықтады. 

Шымкенттің бас ұстазы түлектерге естелік айтып берді

Сондай-ақ Жанат Арысбекқызы ғаламтор арқылы түлектерге мектеп кезіндегі басынан өткен қызықты оқиғаларын айтып, жүрек тебіренісіне толы естеліктерімен бөлісті. 

Ал оқушылар алдын ала дайындалған «Ұстазыма мың алғыс!» атты эстафеталық шеруін ұсынды.

«Birgemiz: ТҮЛЕК-2020» ұранымен өткен соңғы қоңырауға халықаралық, республикалық деңгейдегі олимпиадалық ғылыми жоба және спорттық, өнер сайыстарының жеңімпаздары, «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері қатысты. Еркін форматтағы кездесуде түлектер жылы лебіздерін білдіріп қана қоймай, ұстаздарына ән арнады.

Айта кетейік, алғаш рет 9 және 11 сынып оқушылары емтихансыз 25 мамыр күні жылдық қорытындымен мемлекеттік аттестатқа ие болды. Биыл қалада 8 885 оқушы мектеп бітіріп отыр. Оның ішінде 546 «Алтын белгі» иегері және ерекше атестат алатын 356 түлек бар.

123

Білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағын, аттестаттар мен «Алтын белгіні» тапсыру рәсімін ұйымдастыру кезінде қатаң санитарлық талаптар ескерілетенін айтты.

Онлайн жиында түлектер соңғы қоңырау үнімен білім ұялары мен ұстаздар қауымына алғыс айтты.