Қазақстан • 25 Мамыр, 2020

IV тоқсанда 3 мыңнан астам бейнесабақ көрсетілді

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

IV тоқсанда 3 мыңнан астам бейнесабақ көрсетілді

1-11-сыныптарға арналған телесабақтар түсірілімі 23 наурыз күні басталды. 6 сәуірден бастап олар «Balapan» және «EL ARNA» телеарналары арқылы көрсетіле бастады. Сонымен қатар, сабақтар аталған арналардың сайттары арқылы тікелей трансляцияда көрсетіліп, радио арқылы таратылды және жергілікті телеарналар арқылы ретрансляцияланды.

«Online Mektep» жобасы аясында 42 пән бойынша 3 мыңнан астам сабақ әзірленді.

Әр бейнесабақ үшін 7 500 жаттығу, 12 500 тесттік сұрақтар дайындалды, 100-ден астам анимациялық бейнероликтер көрсетілді.

Жобаға Нұр-Сұлтан қаласының 160 мұғалімі, «Bilim Media Group» компаниясының 111 қызметкері, 40-тан астам әдіскер қатысты.

9 түсірілім студиясы, 20 монтаждау станциясы жұмыс істеді.

Түсірілім екі ай бойы демалыссыз сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жүргізілді. Жұмыс барысында санитарлық-гигиеналық қауіпсіздік шаралары қатаң қадағаланды.