Ауданда 2010 жылдан бастап оқушылар спартакиадасы, «Еске алу» жобасы өткізіліп келеді. Мақсат – балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу мен елге еңбегі сіңген адамдардың есімін ұлықтау, құрмет көрсету. Жыл бойы өткізілетін спорттық шаралар осы жобаға енген адамның құрметіне арналады.

Сурет музейден алынды
Бұл игі іс бүгінде аудан орталығы Аққулы ауылындағы Балалар және жасөспірімдер спорт клубының директоры Тоқтамыс Кенжеғалиевтің бастамасымен жалғасуда. Өткен жыл Социалистік Еңбек Ері Жұмабек Жанғожинге арналыпты.
Кейінгі ұрпақ есімін білсін деген Жұмабек Жанғожинмен бірге Социалистік Еңбек Ері атанған Жанпейіс Сыздықов, Балғабай Оспанов, Жұмахан Асылхановтар болса, ал Жоламан Қалымов, Керімхан Ибрагимовтар аудандағы Бесқарағай асыл тұқымды қой зауытында еңбек етіп, солтүстік қазақ меринос қойының тұқымын шығаруға үлес қосқан екен.
Ал биылғы спорттық шаралар Социалистік Еңбек Ерлері Күләй Шарбақбаева мен оның баласы Ғабдынасыр Ерғалиұлының құрметіне арналады.
– Мен Күләй Шарбақбаеваның немересімін. Апамыздың еңбек жолы жалғасуда. Ұрпақтары да ауылда қалып, мал шаруашылығымен айналысуда. Аудандық спорттық спартакиаданың биыл біздің әулетімізге арналатынын естіп ерекше қуандық, – дейді Нұрсұлу Шарбақбаева.
Біз де бір жылы апамыз жайлы жазу үшін ауданға барып қайтқан едік. Күләй апамыз 1958 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Он жыл бойы қой баққан адам. Жыл сайын қозылар санын көбейткен қой өсірудегі бұл әдісті бүкіл ел «Шарбақбаевтар конвейері» деп атаған.
Кейін анасының ақ таяғын иеленген ұлы Ғабдынасыр да 1981 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алады.
Ал Шабар ауылына Дінмұхамед Қонаев келгенін жұрт осы күнге дейін айтады.
– Дінмұхамед Қонаев 1958 жылы облысқа сапармен келіп, арнайы біздің ауылға атбасын бұрып, шешеміздің үйіне соқты. Үлкен адамның кішкентай ауылға келуі мереке болды. Ол кісі анамыздың жоғары марапатына құтты болсын айта келіпті. Сонда Қонаев ағамыз ескі үйімізді көріп «батыр батырға лайық үйде тұруы керек» деген еді, – деп еске алған еді сол кезде көзі тірі Ғабдынасыр ата.
Аққулы ауылындағы тарихи-өлкетану музейінде есімдері ел есінде қалған адамдардың құжаттары, қолданған заттары, фотосуреттері қойылған.
– Бұл жобада қай жылы қандай адамға құрмет көрсетілетіні де белгіленген. Аудандағы ел аузында аты қалған адамдардың есімдерін жаңғырту, соғыс және бейбіт күн батырларының ерлігін кейінгі ұрпаққа жеткізу – бізге міндет. Осы жоба бойынша 2014 жылы Әбілқайыр Баймолдин зиратына тәу етіп, Ресейдің Невель қаласына дейін бардық. Қала тұрғындары жерлесімізді ерекше құрметтейді екен, – дейді Тоқтамыс Жәнібекұлы.
Павлодар облысы,
Аққулы ауданы
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар