Спорт • 26 Мамыр, 2020

Владимир Нидергаус үздік футболшылар санатында

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал Sportbox.ru порталы әр жылдары Ресей чемпионатында өнер көрсеткен Орталық Азия елдері футболшылардың шартты құрамасын жариялады. 

Владимир Нидергаус үздік футболшылар санатында

Үздіктер тізіміне мына ойыншылар еніп отыр:  

Қақпашы – Алексей Поляков («Крылья Советов», Өзбекстан).

Қорғаушылар – Андрей Федоров («Рубин», Өзбекстан), Олег Пашинин («Локомотив» Мәскеу, Өзбекстан), Рәшид Рахимов («Спартак» Мәскеу, Тәжікстан) және Игорь Черевченко («Локомотив» Мәскеу, Тәжікстан).

Жартылай қорғаушылар – Владимир Маминов («Локомотив» Мәскеу, Өзбекстан), Дмитрий Хомуха (ЦСКА, Түркіменстан), Әділ Ахмедов («Анжи», Өзбекстан) және Мирджалол Қасымов («Алания», Өзбекстан).

Шабуылшылар – Эльдор Шомұродов («Ростов», Өзбекстан) пен Владимир Нидергаус («Ротор», Қазақстан).

Өздеріңіз байқағандай, бұл тізімде Қазақстанның жалғыз ғана өкілі бар. Бұл күндері 52 жасқа толып отырған Көкшетау қаласының тумасы тоқсаныншы жылдары «Ротордың» басты жұлдызына айналды. Волгоградтық клубтың сапында Владимир Нидергаус 200 мәрте жасыл алаңға шығып, 77 рет нысананы дәл көздеді. Сол аралықта ол Ресей чемпионатының екі дүркін күміс және бір рет қола жүлдегері, Ресей және Интертото кубогының финалисі атанды. Төрт мәрте сол мемлекеттің Премьер-лигасындағы ең үздік 33 футболшылардың санатына енді.

1